Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезінде әндері хит болған Асан Пердешов қазір қайда жүр? (фото, видео)

Опубликовано:

Бұдан бірер жыл бұрын халық арасында әндері кеңінен танылған Асан Пердешов бүгінде экраннан көрінбей кетті. Ол туралы жаңалықтардан айтылмай, әндері де естілмейді. Бір кездері әндері хитке айналған әнші қазір қайда жүр?

Асан Пердешовтің "Ұмыта алмаймын", "Қара қызым", "Замира", "Апа" деп аталатын әндері халық арасында кеңінен танымал болды. Бірақ соңғы кездері оны ел ұмытқандай. Себебі, ол көгілдір экраннан да, БАҚ беттерінен көрінбейді.

Асан Пердешовтің продюсері Қайрат Әбдіхалықовтың айтуынша, әнші өнердегі жолын тоқтатқан жоқ деп жазады otyrar.kz басылымы. Бүгінде Асан аудан-ауылдарды аралап жеке концерт беріп жүр екен.

2016 жылы бірнеше әні жарық көрген. Шақырған жерден қалмай, қолынан келгенше талпынып жүргенін жеткізді.

Алдағы уақытта жаңа әндерімен тыңдармандарын қуанта беретінін де айтқан.

Ал оның желідегі парақшасында Асанның әлі де халық арасында жүргенін көруге болады. Ол өңір-өңірдегі қарапайым тұрғындарға концерт қойып, әлі де әндерімен сүйсінтуде.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Сапарбаевқа қандай тапсырмалар берді?

Қазақтың танымал әнші қызына итальяндық жігіт ұсыныс жасады (видео)

БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

Сауд Арабиясы аса қауіпті «тәкфіршіні» Қазақстанға қайтарды (фото)

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтынға қол жеткізді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1415620-kezinde-anderi-khit-bolghan-asan-perdesh/

pixel