Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен адаммен көңіл қосқан студентті сөгіп тастады
Жарияланған күні:
Танымал журналист Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен ер адаммен көңіл жарастырған студенттің әрекетіне наразы болып, сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазды.
"Өзімнен 35 жас үлкен еркекпен жүремін" деп мақтанады бір студент қыз. "Сүйесің бе?" десем, "Жоқ" дейді. "Онда неге жас өміріңді қор қып жүрсің?"- деймін ғой, "Енді жағдайымды жасап отыр, қалтам толы ақша, күшті киімдер әпереді, қымбат косметикамен боянамын, астындағы машинасын айтсаңызшы, бағасы удай, біз сияқты тықыр студентке бұдан асқан бақыт бар ма?,"- дейді риза болып", - деп таң-тамаша болды журналист.
Ол мұндай арам жолмен күнелткенше қыздарды еңбек етуге шақырды.
"Қызық. Аяқ-қолы сап-сау адам, ата-анасы адам болсын деп оқытады. Бірақ сен еңбек етіп адам болудың орнына, біреудің ақшасын пайдаланып жүргеніңе риза боласың. Иә, жас кезінде расында адам "тупойлау" болады екен, бақыттың бәрі ақшада деп ойлайсың. Сабақ оқып, өзімен құрдас сүйіктісі екеуі кафеге баруға ақша таппай, көшеде самса жеп жүрген курстасыңа менсінбей қарайтын боларсың, бірақ дәл солай "понтоваться" етіп жүріп, өз бағыңды байлап жүргеніңді білмей қаласың. Ал ақшамен алдайтын ағашкалар қызығы біткен соң лақтыра салады. Аһ ұрған кезде бәрі кеш болады", - деп ескертті Жанат Бақыт.
"Кім ұтты, кім ұтылды сонда?", - деген сұрақ қояды ол.
Сонымен бірге, ол қыздарға бай жігіт іздемей, қарапайым болса да өзіңмен тең жігітті табуға кеңес береді.
Сондықтан баланы кішкентайынан "Еңбекпен тапқан нанның қандай тәтті" болатынын үйретіп өсіру керек сияқты. Жігіттің үйі жоқ па, ештеңе етпейді, екі жақтап жүріп ипотека болса да үй аласың, әйтеуір тыпырлаған адамға Құдай да береді ғой, есесіне бәріне өз еңбегіңмен жетесің.
Әйтпесе не ол, біреудің қолына қарап, бағынышты боп, "Қашан тастап кетер екен, түксіз қалмасам болды" деп іштей мүжіп өз-өзіңді. Бұл өмірде ең жаманы-ешкімге керексіз боп қалу шығар.
Тағы оқыңыздар:
Бақытбек Есентаев Баянға опасыздығы үшін қол көтергенін мойындады
Депуттаттар үкіметтен зейнетақы салымындағы ақшаның есебін сұрады
Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)
Өзін элиталық жөзекше санайтын қазақстандық қызды Мәскеуде тонап кетті
Олигархқа тұрмысқа шыққысы келген ауылдың қызы жұрттың күлкісін келтірді (фото)
Қаралы үйге аяқ киіммен кірген қорғаныс министрі мен облыс әкімі сынға қалды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1417491-zhanat-baqyt-ozinen-35-zhas-ulken-adammen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.