jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Екі немересі бар Шахизада тағы да ғашық болып қалғанын мойындады (фото)

    : UGC

    Екі некесі де сәтсіз болған әнші Шахизада өзінің тағы да ғашық екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

    Бұл туралы ол Muzzone арнасына берген сұхбатында баяндап берді.

    Шахизаданың айтуынша, оның сезімі жауапсыз емес. Себебі, ол ұнатып жүрген азамат әншіге бұдан бірнеше жыл бұрын сезімін білдірген екен. Сонымен бірге, Шахизада ол кісінің өнерге еш қатысы жоқ екенін де тілге тиек етті.

    Ол өзінің ерекше күйде жүргенін жасырмай айтты.

    "Ер-азаматқа ғашық болған кезде әйел әдемі болып, нұрланып, көңілі күйі де күшті болып жүреді ғой. Сондай жағдайда жүрген адаммын. Ғашықтық сезімім қайта оянып, маған ғашық адам бар екенін біліп, қуанып жүрмін", - деп бөлісті ол.

    "Ол кісі мені көп жылдан бері біледі, көптен бері маған ғашық. Баяғыда, біраз уақыт өтіп кетті одан бері, маған әңгімесін айтып, көңілін білдірген еді. Ол кезеңдерде менің ойымда басқа мақсат болды. Ойым басқа жақта еді. Сезімім де аса қатты оянбаған. Енді ол кісі маған қайтадан сезімін білдіруде. Мен таң қалып, өзім де ғашық болып, жақсы көріп жүрген жайым бар", - деді ол.

    Еске салсақ, жуырда Шахизаданың келіні дүниеге сәби әкеліп, әнші дүркіретіп той жасаған еді.

    Тағы оқыңыздар:

    Шымкенттік тұрғындар әлі күнге дейін үтікті көмірдің қызуымен жылытып отыр (фото, видео)

    "ВИА Гра" тобының әншісі қазақ меценатының көңілдесі болуы мүмкін (фото)

    Ақтөбеде пара алған мектеп директорының қолына кісен салынғанда әріптестері жылап жіберді (фото)

    Оралда туған анасы өлтірмек болған төрт жасар бүлдіршін жантүршігерлік жайттарды баяндады

    Әйгілі актрисаны хиджаб кигені үшін полиция ұстап алды

    Екі немересі бар Шахизада тағы да ғашық болып қалғанын мойындады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.