Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Тұрсынбек Қабатов халықтан кешірім сұрасын

Опубликовано:

БАҚ беттерінде Аймұханбет Бейсембеков есімді азаматтың танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты айтқан пікірі жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол Тұрсынбекті қазақты мазақ қылды деп айыптап, одан халықтан кешірім сұрауын талап етті.

Ол актерді сынға алып, оған отандық өзінің үндеуін жолдады.

"Ол (қазақ) уф деді де жаңағы бала құсап жөнімен кетті, жер болса, бос жатыр" – бұл сатира актері Т.Қабатовтың қазақ туралы әзілінен алынған сөз.

"Күлдіргіш бауырым, "бүлдіргіш" болмай айтқыш болсаң, айтсаңшы: үш - төрттен кредит алып төлей алмай зар жылаған халықты, шарасыздықтан қалаға келіп, баспанасыз, жұмыссыз қайыршының күнін кешіп жүрген ауыл жастарының жағдайын, халықты қан қақсатып жеп отырған меншік банктерді, сол банктерге жегендері аз болғандай, халықтың салығынан жиналған триллиондаған ақшаны оларға "көмекке" беріп жатқанын айтып күлдірсеңші!" - деп жазады автор.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бұдан басқа айтатын мәселе жетіп артылады.

"Айтқың келсе, айтар мәселе көп! Бірақ, сен оны айтпайсың! Себебі, "Көкелеріңнің" той-томалағынан жеп жүрген "майшелпегіңнен" айрыласың! Мен бар саналы өмірімді киелі саханада өткізген адаммын. Сенің бір ауыз "шатпақ" сөзің үшін қазір халық артисттерді жерден алып, жерге салып, жерге тығып жатыр. Сен үшін біздің "бетімізден отымыз шығып" отыр", - деп сынап тастады ол әзілкешті.

Сондай-ақ, ол Тұрсынбектің бұл ісін масқара деп атады.

"Бұл ісің масқара болды! "Кеудеңе нан піспесе" қазақты "ақымақ балаға", жерді "ойыншыққа" теңеген дөрекі мазағың үшін халықтан кешірім сұра!

"Қатпа бала деген де, қатпа бала!" Шектен шығып, сандалып лақпа, бала! Жер-Ананы күлкі етіп сахнадан, "Бетің күйіп" қалмасын "отқа" бала! "Қатпа бала деген де, қатпа бала!" "Көкелерге" Қазақты сатпа, бала! "Клоуны биліктің" атанғанша, Ел-жұртыңнын сенімін ақта, бала!

Сатирик "Көкең": Аймұханбет Бейсембеков", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар:

Танымал әнші өзінің италиялық сүйіктісін ата-анасымен таныстырды (видео)

Ата-аналар оқушылар қатысатын қосымша үйірмелердің қымбаттығынан шошып отыр

Жапон жазушысы: Қазақстандағы кәсіпкерлер жапон императорынан әлдеқайда бай тұрады

Қытайдан Қазақстанға көшкен жалғызбасты әйелден кеденшілер 59 мың доллар тартып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1434180-baq-tursynbek-qabatov-khalyqtan-keshir/

pixel