Үшінші мәрте тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова елге сүйіктісін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Ақбота Керімбекова үшінші мәрте тұрмысқа шықты. Өмірінің жаңа парағын бастаған әнші желіде тарап кеткен атышулы видеоға қатысты пікірін айтып, оны таратқан арам пиғылды жандарға сәлем жолдады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Ақбота Керімбекованы халық әдемі әндері үшін жақсы көреді. Дегенмен, кеше желіде тарап кеткен Ақботаға гонорарын бермей, мезі қылғандардың видеосы дүйім жұрттың назарын өзіне аударды. Бұған қатысты әншінің өзі пікір білдіріп, аталған видеоны желіге салғандарға дұғай-дұғай сәлем жолдады.
"Бұған дейін де айтып өттім. Ол видеоны желіге салып, халық шулайтындай ешнәрсе көріп отырғаным жоқ. Бұл бұдан үш-төрт жыл бұрын Талдықорғанда болған оқиға. Олардың жақсы ниетті адамдар емес екенін басынан байқағанмын. Той ұйымдастырушы жігіттердің ісі. Мен ол тойға жалғыз емес, бірнеше әріптесіммен барған едім. Келісім бойынша әнімді айтып бердім. 3 000 доллар беретін болып келіскенбіз.
Бірақ соңында осындай жағдай болды. Әрине, ақшаны алмадым емес, алдым. Бірақ, менің түсінбейтінім, біздің халық осындай дүниелерді әңгіме қылатындай, талқылайтындай тым ұсақталып кеткен бе? Соған күйінемін. Осы шулайтындай, әңгіме қылатындай тақырып па? Мен соншама не істеппін?
Мені мас, ішіп алған депті. Менің ішіп алғаным, болмаса ішпегенім кімге керек? Ол әркімнің өз жеке шаруасы. Өзіммен өзім адал еңбегіммен күнімді көріп, балаларымды асырап жүрмін. Бір айтпағым бар, осыны таратқан, желіге шығарған адамдарға сіздер арқылы дұғай-дұғай сәлем жолдайыншы.
Әркім өзі ісіне өзі жауап береді. Олардың да бала-шағасы бар, барлығымыз да бір Алланың алдында жауап береміз. Сондықтан әркімге бір Алла төреші. Оларға маған тегіннен тегін пиар жасап бергені үшін рахмет айтамын", - деген әнші оларды жазаға тарту ойында да жоқ екенін жеткізді. Әншінің айтуынша, олардың ісін таразылайтын бір Алла.
Сонымен бірге, әнші біздің сұрауымызбен өзінің өміріндегі қуанышты жаңалығын да бөлісуді жөн көрді.
"Тұрмысқа шықтым. Жеке өмірім туралы көп айтқанды қаламаймын. Тұрмысқа шығам ба, шықпаймын ба ол да жеке өмірім. Тып-тыныш ешкімге жарияламай да бақытты болуға болады. Дегенмен, халық сұрап, өміріме деген қызығушылық танытып тұрған соң, тілекші халқым бар болған соң, айтайын.
Өзімнің жүрек қалауыммен, таңдаған адамыма қосылдым. Балаларым менің таңдауыма құрметпен қарайды. Олар менің де жеке өмірім барын түсінеді. Еш қарсылық танытқан жоқ. Жолдасым менің өнерімді сыйлайды, құрметтейді. Есімі - Рауан", - деп бөлісті жеке өміріндегі жаңалықпен әнші.
Тағы оқыңыздар:
Тұрсынбек Қабатов той басқару үшін 1 жарым млн, Төлендиев 1 млн сұрайды
Семейде жарнама арқылы сатып алынған диван тұрғындарды тұншықтырып жүр (фото)
Димаш Құдайберген Селин Дионның әнін орындап, 2-орын алды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1434273-aqbota-kerimbekova-ushinshi-marte-turm/