Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әншілер той иелерінен 4 мың долларын ала алмай, әбігерге түскен

Опубликовано:

Жуырда желіде жария болған Ақбота Керімбекованың ақша дауы әншілердің той иелеріне жиі алданып қалатынын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31 арнадағы "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында айтылды.

Мұндай дау туғызбас үшін актриса Айгүл Иманбаева ақшасын алдын ала алғанды жөн көреді.

"Сол себепті ақшаны алдын ала алады. Сол себепті жеке директорым болғаны дұрыс деп ойлаймын", - дейді Айгүл Иманбаева.

Бұрын тойға шығып жүргенін жария ете бермейтін әншілер қазір керісінше қайда қаншаға шығатындарын ашық айтатын болған. Той жүргізуде алдына жан салмайтын танымал тележүргізуші Арман Дүйсенов  бір келіннің бетін ашып, 19 қой, бір тай мінгенін айтып мақтанды.

"Бір келіннің бетін ашып, 19 қой, бір тай мініп, соларды ГАЗ-53 көлігіне тиеп, алып келгенім бар", - деп ағынан жарылды асаба.

Ал, тойға 1000 долларға шығатынын жасырмай атқан әнші Әділ Сламхан той иелерінің де жағдайын түсінетінін жеткізді. Алайда әнші жұлдыздардың негізгі табыс көзі болып саналатын тойдың ел біле бермейтін көлеңке тұсын жайып салды. Қуанышына шақырып алып, алдап кететін той иелері де жетерлік екен. Дана мен Әділ Сламхан өздері алданған тойды есіне түсірді.

"Күйіміздің келгенінше, тойға кереметтей ат салыстық. Тойдың ортасында ақшамызды сұрап едік, тойдан кейін береміз деп уәде берді. Сонымен той бітті. Сағат түнгі бірден ауды. Ақшаны бермеді. 4000 долларды тек екі күн өткеннен кейін алдық", - дейді әнші жұп.

20 жылдық өтілі бар асаба Арман Дүйсенов тақырға отырғызып кететін той иелерін анықтау қиын деп отыр.

"Неше түрлі адамдар кездеседі. Бірақ алаяқты анықтау қиын", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы өзіне арнап ескерткіш қоюдың қажет еместігін айтты

ОҚО-да 800-ге жуық оқушы қыз мектеп жасында жүкті болып қалған

Тоқтар Серіков шетелдікке тұрмысқа шығатын қыздарды жезөкшеге теңеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1442998-tanymal-anshiler-toy-ielerinen-4-mynh-dol/

pixel