Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық сағынған дуэттер

Опубликовано:

Олар-сахнаға бірге шықты… Олар-хит әндерді халыққа бірге сыйлады… Бірақ қазір бірге емес. Бүгін халық сағынған дуэттердің тізімін жасамақпыз деп жазады ikerim.kz.

Нұр-Мұқасан

Олар 1990 жылдан бері бірге ән салып келді. Ол кезде қазіргідей топтар көп емес еді, сондықтан да олар халыққа кең таралып сәтті құрылған шығармашылық ұжым болды. Бірақ соңғы уақытта олардың шығармашылығында жаңалық жоқ. Оған себеп топтың енді бірге жұмыс істемейтіндігінде екен. Бұл туралы топ мүшесі Мұқасан Шахзадаевтың өзі ресми айтқан еді.

Нұрлан мен Мұрат

Аталмыш дуэт 1996 жылы Атырау қаласында құрылған екен. Олар қазақ эстрaдасына ерекше форматпен жаңа леп алып келді. Осы топтың әндерінде алғаш рет рэп айтылған екен. Кейіннен екеуі бөлек кетіп, өз шаруаларымен айналыса бастайды. Бірақ өткен жылы екеуі қайта қосылып елді қуантқан, десе де, жаңалық әлі жоқ сияқты.

Жігер тобы

Алғашында топ үш жігіттен тұратын, кейін екеуі қалды. Халық сүйіп тыңдайтын бірнеше хит әндерін шығарды, тіпті бейнабаян да түсірген болатын. Бірақ олардың қарқынды жұмыстары тез басылып қалды.

Арнау дуэті

«SuperStar» жобасынан кейін Нұржан мен Жанар бірге ән салып, елдің сүйіктісіне айналды. Олардың арасында сезім бар деген де сөздер жиі айтылатын. Соның әсерінен болған түсініспеушіліктен де халық хабардар. Кейін отбасын құрған Жанар өнер әлемінен көрінбей кетті. Ал Нұржан қазіргі таңда Салтанат Бақаевамен «Арнау» дуэтінің жұмысын жалғастыруда.

Қайрат Нұртас пен Сырым Исабаев

Қазіргі уақытта екеуі де танымал, өздерін дәлелдеген дарынды әншілер. Бір кездері екеуі бірге ән айтып халықтың ыстық ықыласына бөленген еді. Бірақ екі досты қазір бірге көрмейміз. Көпшіліктің айтуынша, түсініспеушілктер болған сыңайлы. Десе де, халық осы екі жігіттің бірігіп ән айтқанын сағыныпты.

Бақай тобы

Бұл топтың бір әнінің өзі осы кезге дейін «хит» қатарынын түспеді деп айтсақ болатын шығар. «Кім кінәлі?» деп қыз бен жігіттің мұңлы махаббатын жеткізген топтың одан да басқа бірнеше әндері бар. Бірақ, өкініштісі олардың жаңа тректерін естімей жүргеніміз.

Жалғасын ikerim.kz сайтынан оқыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясын шақыртуды тапсырды

"Меломен" тобының әншісі әке атанды

Алматы облысындағы ойын-сауық орталығында оқ атқан жігіт ұсталды

Сондерс Головкинге бос сөйлей бермеу керектігін ескертті

Қытай елшісі: ​«Қытайлық қауіп» туралы әңгіме негізсіз

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1446952-khalyq-saghynghan-duetter/

pixel