Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұр-Мұқасан" тобының әншісі топтың таралуына қатысты шындықты айтты

Опубликовано:

Бүгінде тарап кетіп, елдің назарына іліккен әйгілі "Нұр-Мұқасан" тобының мүшелері жеке орындаушы ретінде бөлініп шықты. Мәселен, Нұрлан Қонысбаев алғаш рет қара домбырасын алып, жуырда өткен "Шаншар" әзіл-сықақ театрының сахнасына шығып ән салды.

"Анашым" деп аталатын жаңа ән жаздырған әнші "Шаншар" сахнасында өнер көрсетуді өзі ұсынған.

Қара домбырасын тастамайтын әнші бұдан былай да домбырамен бірге шығамын деп отыр.

"Киелі аспап. Өзім домбыраны жақсы көремін. Қара домбыраммен танылғанмын. Оны тастамаймын, тастауға қақым да жоқ", - деді ол.

Бақандай жиырма бес жыл бойы бір саханда өнер көрсеткен дуэт өткен жылдың соңында тарап кеткен.

"Әр нәрсенің өз уақыты бар. Мектепте де он бір жыл бірге жүріп, ары қарай өз жолыңмен кетесің. Досым бөлек айтамын дегеннен кейін, мен де келісімімді бердім", - деген ол ондаған жыл бойы бірге ән айтқан әріптесін елге жамандаудан өзін аулақ ұстады.

Бір-ақ сәтте қанша жыл дуэт болып жүрген жерінен жалғыз қалған Нұрлан арада төрт ай салып барып, сахнаға қайта оралған.

Ширек ғасырда жиналған ән қоржыны Мұқасанның қолында қалыпты. Себебі екінші дауыс иесі үшін айтылған әндердің барлығы жеке орындаушы ретіне орындауға мүлдем келмейді екен.

"Осы уақытқа дейін жеке ән жазбаппын. Сол үшін бес-алты ән жазуға тура келді. Ана туралы әнді, халық әндерін жаздым. Өзімнің жаныма жақын әндерді жаздырдым", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, дуэттің екінші мүшесі Мұқасан топтың тарауына арада болған түсініспеушілік себеп болғанын айтқан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бэкхемдердің 5 жасар қызы әлемдік жұлдыздарға арнап сән топтамасын жасап шығарды

Ерекше даусымен таңғалдырған зағип қызға көпшілік сүйсінді (фото, видео)

Павлодарлық ана жоғалып кеткен ұлынан қайта оралуын жалынып сұрады

АҚШ-та тамақ жеуден жарысқан екі адам көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1456428-nur-muqasan-tobynynh-anshisi-alghash-ret-t/

pixel