Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғышбай Жаманқұловтың сот отырысы алдында жүрек талмасы ұстады

Опубликовано:

Бүгін белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты ашық сот отырысы болуы тиіс болған. Бірақ актердің жүрек талмасы ұстап, жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті. Бұл туралы Facebook парақшасында журналист, театртанушы Сәуле Әбділаханқызы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді... Жаңарақта "ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті..." деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым... Бұл бір сұмдық болды ғой...

Артының қайырын берсін!  Республикада 50-ден астам театр бар, демек, ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз... Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты...Тірімісіңдер?..",- деп жазған журналист парақшасында.

Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа "Феникс" фильміне бөлінген 79 миллион теңгенің 69 миллионын жымқырды деген айып тағылған.

Актер өзінің қаржыны алғанын мойындаған болатын. Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал бұл іске қатысы бар деген атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Метрода теракт жасаған күдікті бұған дейін айтқандарынан айнып қалды

Көзіне бөтен еркек елестеп кеткен қостанайлық тұрғын туған әжесін ұрып өлтірді

"Халықтың көзіне қалай қарайсыз?": Қарағандыда облыс әкімі футболшыларды сөгіп тастады

Мемлекеттің қаражатын жымқырды деп айыпталған танымал журналист рақымшылыққа ілінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1470678-sot-otyrysy-aldynda-tunhghyshbay-zhamanq/

pixel