Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын "Кешью" тобының экс-әншісіне үйленді деп шулаған жұртқа жауап берді

Опубликовано:

Әнші Айқын Төлепберген "Кешью" тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалимен екінші рет шаңырақ көтерді деп шулап жатқан жұртқа өз жауабын берді хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, халықтың дүрлігіуіне еш себеп жоқ, бұл жай ғана телехикаяның түсірілімі екен.

"Интернетте жүрген "жаңалыққа" айтарым, бұл түсірілім. Сериал түсірілімі. Сондықтан ондай әңгімені тоқтатуларыңызды сұраймын. Жалпы, болашақта, біреудің жеке өміріне араласу, ол туралы (рұқсатсыз) ақпарат тарату дұрыс емес деп ойлаймын. Құрметті журналистер мен инста-порталдар, кез келген адам жеке өмірін құпияда сақтауға құқылы. Түсірілімнің желісін, сериал экранға шыққанда көре жатарсыздар. Құрметпен, Айқын", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Алайда кейбір желі қолданушылары әншінің бұл жауабына күмәнмен қарап жатты.

Еске сала кетейік, желіде Айқын Төлепбергеннің "Кешью" тобының әншісі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы пайда болған еді.

Видеода Жұлдызды туған-туыстары үйінен шығарып салып, Айқын оны көтеріп алып бара жатқаны көрінеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мұхтархан Ділдәбеков: Қанат Ислам 3-4 жылда Головкинді қуып жетеді

Қазақстандықтар алдағы мереке күндері неше күн демалады?

Белді шенеуніктерге арналған Астана әуежайындағы жаңа VIP-терминал қандай? (фото)

Ақтөбеде теміржолшы әйел басшылықтан көрген қысымға шыдамай, екінші қабаттан секіріп кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1482378-ayqyn-keshyu-tobynynh-eks-anshisine-uyle/

pixel