Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі ұлын қыздарша киіндіретін танымал актриса елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Голливуд жұлдызы Меган Фокс үш ұлдың анасы. Кіші ұлын осыдан бірнеше ай бұрын дүниеге әкелген актриса төрт және үш жасар екі ұлын қыздарша киіндіруді әдетке айналдырған деп хабарлайды батыстық басылымдарға сілтеме жасап NUR.KZ.

Жуырда Лос-Анджелесте жүрген Меганды БАҚ өкілдері суретке түсіріп алған. Оның жанындағы көйлек киіп алған екі "қыздың" ұл екенін бірден анықтау мүмкін емес. Жұлдыз тіптен олардың шашын да өсіріп қойған.

Актрисаның ұлдарын қыздарша киіндіруі бірінші рет емес. Себебі сәуір айының басында Меганның күйеуі актер Брайан Остин Гриннің де ұлдарымен бірге түскен суреті желіде пайда болған. Онда да ұлдар белдемше мен көйлек киіп жүрген-ді.

Ал актриса аяғы ауыр кезінде Ноа есімді ұлына ханшайымның көйлегін кигізіп қойған.

Айта кету керек, Меган ұлдарына көйлек кигізіп, қыздарша киіндіретін жалғыз актриса емес. Мәселен, Шарлиз Терон да алты жасар ұлы Джексонды қызша сәндеуді әдетке айналдырған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мейрамбек пен Медеу Арынбаевтың бірге айтқан әні елді жылатты 

Қанат Исламды сынға алғандар танымал блогердің күлкісін келтірді

Украиналық мұғалім өзінің туған қызын 9 қабаттан итеріп жіберді (видео)

Азия бокс конфедерациясы Василий Левитті Дычкомен шатастырып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1484220-eki-ulyn-qyzdarsha-kiindiretin-tanyma/

pixel