Бүркіттің жары Аиша әйел бақыты туралы философиялық ойларымен бөлісті (фото)
Жарияланған күні:
Бүркіттің жары Аиша желіде белсенді түрде жазбалар жариялап, өзінің түрлі ой-пікірлерін жариялап отыратыны белгілі. Бұл жолы ол оқырмандарына әйел бақыты туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Неліктен әйелдерге ең бастысы бақытты болу міндеті қойылады. Әйел бақытты болса, жан-жақтағының барлығы бақытты. Ол елге бақыт сыйлайды. Тартымды бола түседі. Оның жанына орала бергің келеді. Оның жанында күн де жарық көрінеді. Жанды жылытады. Ондай әйел туралы қалай армандамауға болады?! Бақытты болған кезде ғана ол біреуге көмек бере алады. Өзіңде жоқ болса, біреуге бірдеңе деу де қиын", - деген ол әйелдердің неліктен бақытты болғаны маңызды екенін тілге тиек етті.
Сонымен бірге ол ең алдымен елді емес, өзіңді бақытты ету туралы көбірек ойлану керектігін айтты.
"Сондықтан, ең бірінші өзің бақытты бол. Ал қалғандары саған қарап бақытқа ие болады. Бақытты болу - тиімді. Бойыңда қуатың неғұрлым көп болса, ақшаң да көп болады.
Ал бақытың көп болған сайын, қуатың да көбейе түседі. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, бақытты аналардың балалары да бақыты болмақ. Әсіресе, қыз балалары. Сондықтан болашағың үшін болса да, бақытты болуды үйрен", - деп ақылын айтты ол қыз-келіншектерге.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Бойжеткен қазақтардың тәрбиесіне тәнті болған америкалыққа қалай тұрмысқа шыққанын айтты
Жалаңаш көше кезіп жүрген қыздың әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді (фото)
Құрбысының күйеуіне бала туып бергенін білген келіншек бар сырын жайып салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1489693-burkittinh-zhary-aisha-ayel-baqyty-tural/