Әйгілі Нихан өзінің той көйлегін қайталап киген Кемальдің әйеліне күле қарады (фото)
Жарияланған күні:
Түріктің танымал актрисасы Неслихан Атагүл өзінің той көйлегінен айнымайтын көйлек киген Фахрие Эвдженге қатысты пікір білдірді деп жазады Жұлдыздар әлемі.
Неслихан қазір елдердің бәрі демалыста, ал сіз мұнда жұмыстасыз. Неліктен?!
– Иә, дұрыс айтасыз бәрі демалыста. (күліп) ештеңесі жоқ. Бір апта алдын демалып келдім. Жұмыс барысымен қазір осындамын. Біткен соң қайтадан демалысымды жалғастыратын боламын.
– Өз бойыңыздағы өзіңіз қатты қызығатын не нәрсе?!
– (күліп) Шаштарым.
– Шашыңыз сіз үшін қаншалықты маңызды?!
– Көріп тұрғаныңыздай мен үшін шаштарым өте-өте маңызды.
Тағы оқыңыздар: 78 жастағы алматылық рэпер әжейді шетелдік БАҚ жарыса жазуда (видео)
– Осындай тамаша шашыңызға қандай күтім жасайсыз?! Ол үшін не істеу керек?!
– Негізінен дұрыс тамақтану керек. Дұрыс ұйықтау керек. Су көп ішу керек. Өзімізге жақсы қарауымыз керек. Сонда шаштарымыз әсемдене түседі.
– Кадир мырзамен демалысқа шықтыңыз. Қайда болыңыздар? Бірге саяхатқа шыққан қаншалықты ұнайды?!
– Иә, Ыстамбұл жақта болдық. Қазірше сол аралықта демалдық.
– Тағы да басқа жаққа демалысқа кету жоспарда бар ма?!. және қайда барасыздар?!
– Иә, әрине бар. Бірақ қайда екенін айтпаймыын.
– Ел ішінде боласыздарма? Әлде шет елде ме? Осыны ғана айтыңызшы?!
– Шет елге кетеміз.(күліп) және күймемен шыққалы жатырмыз.
– Ооо тамаша, неге күймемен?!
– Себебі бізге өте ыңғайлы және қатты ұнайды. Қалаған жерге қонақтап, қалаған жерге тоқтап. Кез келген уақытта тамақтанып, ыңғайлы өз еркімізбен жүру үшін.
– Тамақтану жақсы ғой, бірақ оны жасауда бар емес пе?! Тамақ жасағанды ұнатасыз ба?!
– Иә, ұнатамын әрине.
– Өз қолдарыңызбен Кадир мырзаға ас жасап бересіз бе?!
– Иә, жасап беремін және Кадирде оны жақсы көреді.Сүйсініп жейді.
– Сәби сүю жоспарда бар ма?!
– Сәби сүю әрине үлкен бақыт. Дегенмен қазір ондай жоспарымыз жоқ.
Тағы оқыңыздар: БҚО-да жұмбақ жағдайда қаза болған қыздың өлер алдындағы хаты табылды
– Енді бір жыл бұрынғы уақытқа шегінейік. Сіздің бір жыл бұрын тойыңызда киген қалыңдық көйлегіңізді биыл тағы да бір сұлудың үстінен көрдік
– Күлді…
– Иә, кинодағы махаббатыңыз, әріптесіңіздің өмірдегі жұбайы Фахрие Эвдженнің сіздікінен айнымайтын қалыңдық көйлегін тіктіріп киді. Бүкіл жұрт осы жайлы сөз қозғауда. Сіздің бұған ойыңыз қалай?!
– Мен шынымды айтсам, бұл туралы ештеңе айтқым келмейді!!!
– Кадир мырзамен араңызда келіспей қалатын сәттер болады ма, және қай кезде?!
– Иәә, әрине ондай барлық отбасында болады. Болуы да заңдылық. Бірақ біз үшін ең маңыздысы реніш емес, арамыздағы сыйластық және махаббат.
– Неслихан бүгінгі сұхбатыңыз үшін үлкен рақмет. Сау болыңыз.
– Сізге де үлкен рақмет!
Материалды қазақ тіліне аударған Гүлнұр Серікбай
Суреттер ok.ru сайтынан алынды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1549657-aygili-nikhan-ozininh-toy-koylegin-qayt/