Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Әркім өз балшығын тазалап алсын

Жарияланған күні:

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ құрғалы өзін қатаң сынға алатын оқырмандарына жан айқайын жеткізді.

"Мен әрдайым ешкімді қатаң сынамауға тырысамын, себебі өмірді алдын ала болжап біле алмайсың. Өзгелер жайлы сын айтып, мін тағу оңай. Себебі сіздер ол адамдардың қалай өмір сүретінін білесіздер.  Бірақ, әркімнің өз кемшіліктері болады, ешкім сәбидей таза емес. Мені алдымен өз балшығын тазалауы тиіс екенін ұмытып кететін адамдар таңғалдырады. Ешкім ешкімге қалай өмір сүру керек екенін нұсқай алмайды.  Бәрі шетінен ақылды болып, аузы көпіргенше сенің дұрыс емес екеніңді дәлелдейді. Бірақ, неге екенін көпшілігі не айтып жатқандарын да білмейді!",- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Қазақ журналисі қырылып жатқан мұсылмандарға барып, қолдау көрсетуге бекінді

Ақбота оқырмандарына өзге адамның өмірі жұмбақ екенін жазып, өзіне сырттай баға беруге болмайтынын түсінуді сұрады.

"Бөтен адамның өмірі - жұмбақ. Сізге бәрі көрініп тұрғандай болар, бірақ ешқашан сахнаның сыртынан қарап, іште жағдайдың неліктен орын алып жатқанын түсіне алмайсыздар.  Дәл осылай сізді де ешкім түсінбейді және сіздің жағдайыңызға кірмейді. Досыңды, алыс туысыңды, көршіңді немесе мені сынға алып,  оған балшық жағардан бұрын алдымен ойланыңыз. Жұрттың бәріне тас атқаннан кейін, өмір сізге тосынсый жасамай ма?!". -деп күйінді әнші.

Ақбота өзінің парақшасын ұнатпайтындар болса,  оқырман қатарынан шығып кете беруге болатынын да айтты.

"Өмірдегі ең жақсы қасиет, ол өз ойыңды, сөзіңді  сүзгіден өткізе білу! Менің кейде кейбір ақылдыларға күлкім келеді, мен маған не тілесеңіздер, сіздерге соны тілегім келеді! Айтпақшы, мен ешқандай жағдайда да өзімді бақылауға мәжбүрлемеймін. Егер сіздерге ұнамайтын болсам, боссыздар. Оқырман қатарынан қалай шығып кетуді білетін шығарсыздар?" ,- деп жазады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1607333-aqbota-seyitmaghambet-ozin-unatpayty/