Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір топ жігітке самаурынмен шәй құйған Тамара Асар қатаң сынға ұшырады (видео)

Опубликовано:

Жақында отандық танымал әнші Тамара Асардың «Самаурыным қайнасын» деген әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрген еді. Әншінің жаңа туындысын кейбір көрермен сынға алып, Ikerim.kz сайтына арнайы хат та жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Өзіміз жақсы көретін Тамара Асарға не болғанын түсінбедім. «Самаурын» туралы әнін жақсы көріп тыңдап жүргенбіз, клипін көріп көңіліміз қалды. Өңкей еркекті жинап алып, соларға шәй құйып отырғанын түсінбедік. Ақыры қазақтың самаурынына ән шығарған екен қарт ата-әжелерімізді түсірсе жараспас па?»,- деп жазған ол.

Редакция хатты жасы үлкен адамның жазғанын атап өткен. Сондай-ақ, хат иесі эстрададағы жастардың жылауық ән орындауға әуес болып кеткеніне өкпесін жеткізеді.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әншінің әйелі айдай сұлу көркімен желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

«Менің ызам келетіні жас қыздардың ән айтқаны. Әнді айтса бір жөн, өздерін жарнамалап жүргендей көрінеді. Әндерінің мәтінінде «Мен жете алмай қалдым», «Мені тастап кеттің», «Мен алдандым» деген сияқты ауандағы сөздер өріп жүр.

Мысалы айтар болсақ, орыстанып кеткен Мақпал Исабекова, Санда сияқты қазақтарға тиіспей-ақ қояйық. Қазақи қалыптағы әншілеріміздің өзі осы бір жерде сүрініп жүр.

Осы бір дауысында ерекше бояу бар деп жүрген Әйгерім Мамырова деген жас әнші «Хат жазшы маған…» деп әлдебіреуге жалынып жүр. Сіз оның зарлаған әнін тыңдасаңыз, аяп, жазбай жүрген жігітті бір сөгіп аласыз.

Дана Кентай деген әншінің «Кешірмейсің » деген бір әні бар еді, тыңдап отырып жігітінің көзіне шөп салып, зар қағып қалған қыз елестейді. Ерке Есмаханның соңғы хиті тіпті талқылауға жатпайды. Оларды қойшы, жастар дейміз»,- деп жазады хат иесі.

Еске салсақ, Тамара Асар кейінгі кезде әншіліктен бөлек, самаурын сыртына сурет салып, оны сатумен айналысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1616193-kilenh-zhigitke-samaurynmen-shay-quyghan/

pixel