Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәмшінің қарындасы Қалдыбек Құрманәлінің өзіне көрсеткен "қорлығы" туралы айтты

Жарияланған күні:

Қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы Райхан өзінің ағасы туралы түсірілген "Ән аға" телехикаясындағы олқылықтарды сөз етті. Сонымен бірге "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында ол өзіне "айтпаған сөзді айтып, қорлаған" шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәліге қатысты өз шындығын айтты.

«Ән аға» телехикаясында көрсетілген деректер шындықтан алыс. Өкінішке қарай, қазақтың дарынды композиторын кей тұстарында сайқымазақ етіп көрсеткен. Картина телеарнадан көрсетілген бойда маған қоңырау шалғандар өте көп болды. Шәмшінің көзін көрген ауылдағылар «мынау не масқара, ұят емес пе? Қалайша үн түнсіз отырсың?!», - деп маған реніштерін жеткізді.

«Өзбектің ала дамбалын киген қатындармен Шәмшіні неге көрсеткен? Қай кездері қатындармен ойын ойнап жүрген еді?»,- деп ашуланғандар жетіп артылады.

Қазақ жұртын ғажайып әндерімен тербеткен талантты бұл образда көрсету дұрыс болмады. Шәмшінің көзін көрген кез-келген адам бұл телетуындымен келіспейді", - деп наразы болды ол.

Сонымен бірге ол елге шәмшітанушы ретінде танымал болған отандық композитор Қалдыбек Құрманәліге қатысты ойын да ашық айтты.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетуде"деп сынағандарға жауап берді

"Бүгінде кейбір «Шәмшітанушылар» Шәмші Қалдаяқовты елге мен таныттым, атын мен шығардым деп айтатын көрінеді.

Осы тұста көптен бері көкейде жүрген бір мәселені ашық айтсам деймін. Мен біреуге жала жауып немесе біреумен ұрсысып көрген адам емеспін. Қалдаяқовтар тегіне сөз келгенін қаламайтынмын. Кейбір әділетсіздікке, дұрыс емес нәрселерге көз жұмып қарадым. Алайда шыдамым таусылды. Әңгіме бүгінде өзін Шәмшітанушымын деп жүрген Қалдыбек Құрманәлі туралы.

Міне, сол Қалдыбектің көп ісіне көңілім толмайды. Шәмшіні «жекеменшігі» етіп алған сияқты. Шәмшінің атын жамылып, көлеңкеде жүріп-ақ талай тірлік тындыруда. Қалдыбек болмаса Шәмші елеусіз қалар ма еді? Онсыз да Шәмшіні халық біледі, сүйеді, мақтан тұтады. Шәмші халықтың Шәмшісі. Жұрттардан естимін Қалдыбек: «Қалдаяқовтар жүрген мүсәпір, қолдарынан түк келмейді. Мен болмасам Шәмшінің аты шықпайтын еді», - деп айтады екен.

Тағы оқыңыздар: Төреғали Төреәлі "Қайратпен жарысып, әйелін көрсетуде"деп сынағандарға жауап берді

Мұнысы рас па, өтірік пе өз құлағыммен естімеппін. Бос әңгімеге бола арадағы сыйластыққа көлеңке түсірмейін деп келдім. Қалдыбектің жауы бар, досы бар солардың бос әңгімесі шығар деп те ойлайтынмын. Бірақ кейбір істеріне қарап, көңілім құлазиды. Шәмші ағамның атын былғап адамдардан ақша сұрауды әдетке, дәлірегі бизнеске айналдырып алған Қалдыбек Құрманәлі сонда Қалдаяқовты қолдап жүр ме, әлде қорлап жүр ме деген де сұрақ мазалайды. Кей әрекетінен өзгеше бір жымысқы ойдың астарын аңғарамын. Бауырымның атынан концерт берсе де бір ауыз айтпайды, хабар бермейді. Жақында Созақта болып өткен концертке ешкім шақырмады да.

Ағамды ешкімнен қызғанбаймын, ол - халықтың адамы. Шәмшіні Қалдыбексіз де халық біледі. Дегенмен ар, ұят деген болуы керек қой.

Мына бір жәйтті де айта кетейін. Астанада Шәкеңнің шығармашылығына арналған концерт болатынын естідім. Мені Шәмшінің жалғыз қарындасы деп елеп, ескеріп шақырған жан болмаған соң, өзім билет сатып алып, баруды жөн санадым. Кеш өтетін Конгресс холға хабарласып билетті қалай алуға болатынын сұрадым. Менің сұрағыма жауап берген Айгүл есімді қыз билеттің тек Астана қаласында сатылатынын, Шымкенттен қалай алуға болатынынан хабары жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ, билеттің құны 3000 теңгеден 8000 теңгеге дейін екендігін айтты.

«Концертті ұйымдастырушы Қалдыбек Құрманәлі, сол кісіден сұраңыз», - деді. Шәмшіні бизнеске айналдырып жібергені ме деген ойға қалдым. Сол күні кешке Қалдыбекке билет жөнінде хабарластым. Ол телефонын көтермеді. Кейінірек екеуміз ұялы телефон арқылы сөйлесіп, маған айтпаған сөзі қалмады. Ол сөздерді айтуға аузым бармайды. Оның сол сөздерінен кейін қатты ауырып, төсек тартып жатып қалдым. Сонда Шәмшітанушы атанып жүрген Қалдыбектің Шәмшінің жалғыз қарындасын сыйламағаны ма?! Ағам тірі болғанда бұл қорлықты көрмейтін едім деп жылап аламын кейде", - деп ойын ашық айтты Райхан Қалдаяқова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1641200-shamshininh-qaryndasy-qaldybek-qurmana/