Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал заңгер Қайрат Нұртастың фильмін ұрланған деп айыптап, «2» деген баға қойды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртастың «Арман. Когда ангелы спят» фильмін ұрланған деп айыптаған шымкенттік заңгер өнер жұлдызының кино туындысына «2» деген баға қойды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік танымал заңгер әрі белгілі блогер Айгүл Орынбек атышулы фильмді тамашалаған соң қатыгездіктен көз ала алмағанын айтты.

«Ворошиловский стрелок» немесе ұрланған идея "Арман" фильмі. Отандық өнімді қолдау үшін киноға бардық. Қаржысы көп Қайрат Нұртасқа мықты кино түсіру не тұрады деп ойлаған едім ? Бірақ өкінішке орай тағы да сол көшірме! Ең сорақысы, кино қатыгездікке тұнып тұр. Онсыз да телеарналарымызда əншілер қаптап, зорлық-қорлықты күнде көрсетіп жатқаны аздай, енді кино түсіріп насихаттайын деді ме? Арақ-шарап ішіп, қызды ұрлап зорлау, наша шегу сияқты дүниені түсіріп, жастарға не тəрбие бермекші болды екен? Фильмнің мағынасын түсіне алмадым! Біреудің идеясын ұрлаған соң фильм мағынасыз болған», - деп жазған заңгер фильмнің эпизодтарын да сынға алды.

«Қай мектеп сабақ үстінде "Астана" арнасын қосып қойып жаңалықтар көретін, маған көрсетіңдерші. Заңды түрде шара қолданайық. Мылтықпен түнгі клуб немесе мейрамханаға кіріп бара жатқанда күзетшілер (охраниктер) қалайша жіберіп қойды? Байдың балдары отыратын қымбат ресторанды бұл фильмде ешкім күзетпей қойған ба? Жігіттерді атамын деп үстел жанына келіп, мылтықты кезенгенде неге қалған қонақтар жəйбарақат билеп жүр? Жаза берсем көп!

"Осы біздің қазаққа ештеңе жақпайды" деп ренжуі мүмкін Қайраттың анасы. Бірақ кино түсірер алдында сын болатынын білді ол кісі. Гүлзира ханым, сіз анасыз, онсыз да зорлық пен қорлығы көбейген заманда, сіздің қолыңыздан келеді жастарға мейрімділік насихаттайтын, мəн-мағынасы бар кино түсіру.

Қолдарыңызда Жұлдыз сияқты мықты актриса қыз тұрғанда сіздер үшін бұл қиын емес деп ойлаймын. Ал мына фильмдеріңізге екі деген баға берем!», - деп сөзін түйді автор.

Бұл жазбадан соң әнші Қайрат Нұртастың арт-директоры ретінде көпшілікке танылған Мира Келімбетова заңгерге жауап берді.

«Сіздің ең бірінші "көшірме" дегеніңізге жауап берейін. Жалғыз ғана Ворошиловский стрелокты айтыпсыз, одан бөлек "Отважная", "Я есть гнев", "Ружьё", "Фатима мен Зуxра", "Возмездие", айта берсем әр түрлі мемлекеттің 15 шақты осыған ұқсас фильмдері бар. Неге ұқсас? Өйткені бұл проблема бүкіл дүние жүзінде бар проблема! Қанша жерден ұқсатпайын десең де, ол мүмкін емес, өйткені зорлық-зомбылықтың түбі бір.

Келесі мәселе насиxаттау. Елімізде шығарылып жатқан фильмдердің 99% әдемі өмір мен әдемі маxаббат жайлы, ал неге сондай фильмдерді көріп жүрген жастарымыз қатігездікке жол береді? Неге?

Қаншама зорланған қыздар бар, байдың балдарының алдында әлсіз, шындықты бүкіл елге айқайласа да, бір де бір заң өкілдері саңырау болып естімейтін, қаншама қыздар алдағы өмірін ойлап, "псиxологиялық травма" алса да, ар-намысын таптатып, шындықты айта алмай, бүкіл өмірі өкінішпен өтетін тағдыр бар. Шенеуніктің балалары бар, бірнеше адамның өмірін қиып, бірақ бостандықта талтаңдап, арағын ішіп, анашасын шегіп жүрген.

Ащы болса да шындық. Бұл - біздің қоғам. Қазақтың Қайраты қоғамға сәл де болса пайдамды тигізейін деп Тәуелсіз мемлекетімізде ең бірінші болып, фильм арқылы ауқымды проблеманы көтеріп отыр", - деп ашынған Мира Қайратқа 10 жыл жасырған әйелін, Гүлзира Айдарбековаға келінін осындай рөлде ойнатып, xалыққа ұсыну оңай болмағанын да атап өткен.

Онымен қоса филмді қаншама орыстілді блогерлер мен басылымдар мін таба алмағанын алға тартқан Келімбетова тек бір қазақтың қызы сынағанына шамданған.

"Бүкіл xалыққа ұнап, әсіресе ешқашан қазақтардың түсірген киносын мойындамайтын, мін іздеп отыратын орыс тілді блогерлер, басылымдар ешқандай мін таба алмай, Қайратқа риза болып, қолдарын көкке көтеріп жатқанда, жалғыз Сіз, қазақтың қызы мін тауып, қаншама қазақтың зорланған қыздарының көз жасына көзіңізді жұмып, жерге таптап, бар проблеманы жоқ қылып отырсыз.

Ия, сосын айта кетейін, "Арман" көркем фильм, сондықтан міндетті түрде көркемделеді, документалдық фильммен шатастырмаңыз!» делінген Мира Келімбетованың жауабында.

Тағы оқыңыздар: 

Бабанов: Қазір де, болашақта да билікті басып алмақ ойым жоқ

Апатқа ұшырамауды ойлаған жүргізуші көлігімен ағашқа ілініп қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Анам екеуміз Жұлдыздың арманын орындау үшін киноға түсірдік

Ақтөбе қаласының әкімі Сапарбаевтың қолынан медаль тағып, балаша мәз болды (фото)

Ақтөбеде мұғалімдермен төбелесетін тентек баланың дамуында ауытқушылық болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1649013-tanymal-zanhger-qayrat-nurtastynh-fil/