Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Албан тойға шетелден әнші шақыратындарды сынап тастады

Опубликовано:

Ресей тамадаларының той басқаруы  біздерден артық емес деген Нұрлан Албан шетелден миллиондаған қаражатқа әнші шақыратындарды сынап тастады. Ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында шетелдіктердің отандық өнерпаздардан асып бара жатқан артықшылығы жоқ дейді.

"Жүзі таныс, танымал адамдардың бірнешеуімен әріптес болып үлгердім. Мысалы, Ургант, Малахов, Вера Брежнева, Игорь Верник. Десек те солардың айтып жатқан орыс тілі біздің қазақстандық орыс - қазағымыздан артық емес. Олардың актерлік шеберлігін біздің орақ тілді, от ауызды журналистеріміз -ақ жұлып жеп жатқанын былай да былай байқауға болады.

Еліміздегі тойларда алыс - жақын шетелдік әншілерді шақырып жататыны жасырын емес. Бір әттеген -айы сол шетелден келіп жатқан әншінің сыйақысы қаншалықты жоғары деңгейде? Шынтуайтына келгенде сол ақшаны бізге жол бастап жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз бен апаларымызға  бөліп берсе ешкімнің мұрны пұшық болмайтын еді. Егер де менің ақшам көп болса, мен міндетті түрде жалынып -жалпайып тегін емес,  миллион, миллиард беріп Бибігүл Төлегенова апамызды тойға шақыратын едім. Қаражатым көп болса "Дос- Мұқасан", Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғанлиев ағаларымызды сыйақысын беріп тұрып, қалдырмас едім",- дейді әнші.

Еліміздегі сұранысқа ие асабалардың біріне айналған "Үркер" тобының әншісі алдыңғы буын аға -апаларының шетелдіктерді өнер жағынан жолда қалдырып кететінін айтты.

"Кей тойларды көргенде іш ашитыны жасырын емес. Өйткені жеме -жемге келгенде сол шетелдік әнші мен біздің тұлға аға-апаларымызды қойыңызшы, сол күні кеше шыққан шетелдік әншіні ауызға екі орамаса, кемшін тұсы жоқ. Әрине ол заманның талабы, адамның сұранысы, той иесінің қалауы шығар. Оған бола ешкімге өкпе - наз айтқым келмейді, десек те кішігірім сондай олқылық бары рас",- деп ағынан жарылды ол.

Тағы оқыңыздар: 

БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)

Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)

Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап берді

Шымкентте жаппай төбелес кезінде жүрек тұсынан пышақталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

Украинада лауазымды тұлғаның ұлы коррупция күдігімен ұсталды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1664216-nurlan-alban-toygha-shetelden-anshi-shaqy/

pixel