Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің танымал әншілері намазға қалай жығылғанын айтып берді

Жарияланған күні:

Әншілер арасында дінге бет бұрып, намаз оқу сән бе, әлде құрмет пе? Шоу-бизнес өкілдерін жаппай дінге тартып жүргендер кімдер? Мүмкін оларды дінге үгіттейтін ұйым, не арнайы топ бар шығар? Осы сұрақты 31 арна әншілердің өздеріне қойып көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Соңғы уақытта жұлдыздардың Instagram парақшалары «Жұма мүбәрак болсын!» деген жазулар мен олардың мешіттегі суреттеріне толып кететін болып жүр. Тіпті, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Абай Бегей, Роза Әлқожа, Алтынай Жорабаева, Жігер Ауыпбаев сияқты өнер иелері Меккеге де барып қайтты.

"Осы дінге, тәубеге келуіме, көп себеп болған достарым бар. Оның бірегейі "Өнер қырандарындағы" Мадияр бауырымыз", - дейді "Заман" тобының әншісі Ерген Айтымбетов.

Ал танымал әнші Нұржан Керменбаев белгілі діндарлардың уағызын жиі тыңдайтынын айтады.

"Ерлан Ақатаев, Арман Қуанышпаев, Қабылбек, Ризабек, Сансызбай, Бауыржан Әли ұстаздарымыз бар. Уағыздарын көп тыңдаймын. Былай айтқанда ұстаздар көп. Әрине, мені шақырып алып баратын достарым бар. Ердос «Жігіттер» тобындағы мешіттен шықпайды", - дейді әнші Нұржан Керменбаев.

Бірақ, тойда секеңдеп билеп, елді алдап фонограммамен ән айтатын кейбір әншілердің Алла үйінде уағыз айтып отырғанын көргенде Алматының бас имамы жағасын ұстапты.

Дегенмен, намазхан әншілерді мешіттер құрметтеп, азан шақыртқызып та жатады.

"Діни басқармасының имамдары рұқсат берді. Әнші болған соң дауысың жақсы деп. Азан шақырған видео желіде тарап кетті, сондықтан бәрі біліп қойды", - дейді «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев.

Әркімнің дінге бет бұруы әртүрлі. Мәселен, «Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетовтің Құдай жолына түскеніне бес жылдан асыпты. Алғашында «Фатиха», «Ықылас», «Нас» сүрелерін жаттай алмай қиналғаны әлі де есінде.

"Миыма қонбай жатыр. Ешқандай жаттайтын да емес, мен дінге қалай барамын деп іштей қиналдым. Оқығым келіп, Алланың алдында күнде жылап, үйде жатқанда да, тұрғанда да, жылап сұраймын. Маған бір адамды нәсіп етші деп", - дейді «Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов.

Сөйтіп, Құдайдан сұрап жүргенде ән жаздыратын студиялардың бірінен әнші Абай Бегейді жолықтырады.

"Студияға келгенмін. Абай аға келді. Сол кісіден сұрадым. Намаз оқуды маған үйретіңізші деп. Болды, болды деді. Е, Алла Тағала дұғамды қабыл еткен шығарсың дедім ішімнен", - дейді Ерген Айтымбетов.

Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Абай Бегей алдымен анасынан, кейін жарынан көз жазып қалған кезде уағыздар тыңдап, сол арқылы қиындықтарды жеңе білдім дейді.

"Қатты қиналдым. Әбдірахман Сманов уағыздары мені алып шықты сол қиындықтан. Соған барамын", - дейді әнші Абай Бегей.

Осыдан он шақты жыл бұрын «ән айту харам, домбыра - шайтанның таяғы» деген сияқты да пікірлер естіліп қалған еді. Дәл қазір ешкім олай айтпаса да, бұл туралы ой намазхан әншілерді әр кез мазалайды.

"Өнерді харам деп те, халал деп те айта алмаймын. Менің түсінігімше, әннің өзінің естісі бар, есері бар", - дейді әнші Нұржан Керменбаев.

Ал, егер дін уағыздаушы беделді тұлғалардың бірі «өнер харам» деген пәтуа шығарса ше:

"Егер ән айту күнә деген пәтуа шықса, болашақта өнер жолын қойып кететін шығармын", - дейді әнші Ердос Қанаев.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Өзінің жігіті досымен бірге зорлап тастаған астаналық бойжеткен жанайқайын жеткізді

Бұрынғы әйелі мен енесін көшеде аямай сабаған қарағандылық жігіт елді шошытты

Павлодардағы жанармай бекетінде бензиннің орнына ауа сатқан (видео)

Ғалымдар қандай жеміс-жидектер қатерлі ісіктің алдын алатынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1667484-elimizdinh-tanymal-anshileri-dinge-qal/