Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнерге қайта оралған Қайрат Түнтеков сахнада көз жасын тоқтата алмады (видео)

Опубликовано:

Өмірінде орын алған қайғылы жағдайдан кейін өнер әлемінен алыстап кеткен Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралып, елімізде өтіп жатқан "I аm a Singer" жобасына қатысуда. Жобаның жетінші кезеңінде әлемге танымал "Sos Dun Terrien" әнін жуырда марқұм болған қарындасына арнаған Қайрат сахнада көз жасын тоқтата алмады деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Мықты, мағынасы бар ән! Неге мен кептер сияқты ұшып кетіп жүре бермеймін дегендей, қалайша мен аз уақыт өмір сүремін деген сияқты мағынаны білдіреді. Бір сөзбен айтқанда өлім туралы. Үш - төрт ай әлі өткен жоқ, ораза кезінде өмірден өткен Сәбина  қарындасыма арнағып келіп отыр осы әнді. Белгісіз бір аурудан 11 жасында өмірден өтті. Өзі талантты, ән де айтатын, би де билейтін. Алла тағала көп ұстамай, алып кетті. Айтудың өзі қиын болып отыр. Сондықтан осы әнді орындасам өзіме де жеңіл болып қалады деген ойдамын",- деді Қайрат Түнтеков.

Сахнада қарындасын есіне алып, көз жасына ерік берген Қайрат халықтан кешірім сұрады.

"Жылап жібергеніме ренжімеңіздер, жақында ғана Сәбина есімді қарындасымнан айырылып қалған едім. Содан кішкене өз-өзімді ұстай алмай қалдым, ренжімеңіздер!",- деді ол.

Тағы оқыңыздар:

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Ақтөбеде ер адам әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды зорлап тастаған

Сауд Арабиясының билігі күдікке іліккен ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемек

Ресейліктер диктатор Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1671540-onerge-qayta-oralghan-qayrat-tuntekov/

pixel