Бағым Мұхитденова өзін сатып кеткен Мөлдір Әуелбекова туралы шындықтың бетін ашты
Жарияланған күні:
Атышулы Баян Есентаеваның сіңлісі, продюсер Бағым Мұхитденова бірнеше жыл бойы құпия сақтап келген жан сырын ақтарды. Ол "Кешью" тобынан үлкен жанжалмен кеткен Мөлдір Әуелбекованың сатқындығы мен шаңырағы шайқалып қалуға шақ қалған кездерді есіне алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Кезінде "Кешью" тобынан кетіп, өзінің бұл топтағы мансабымен қош айтысқан Мөлдір Әуелбекова өзінің шоу-бизнестегі жолына әлдебіреулер кедергі жасап жүргенін айтып, елге жар салған болатын. Топтан үлкен жанжалмен кеткен Мөлдірді "Кешью"-дің мерейтойлық концертіне қатыстырмаған Баян Мақсатқызы арадағы кикілжіңнің жуық арада шешіле қоймайтынын көрсеткен еді.
Осы уақытқа дейін бұл жайт туралы жақ ашпай келген Бағым Мұхитденова "Гәкку TV" арнасының"Если честно" бағдарламасына сұхбат беріп, осыған қатысты сұрақтардың бәріне ашық жауап берді.
"Мен үшін Мөлдер Әуелбекова жоқ. Онымен ара-қатынасымды жақсартқым да келмейді. Ол да менімен қайта араласқысы келеді дегенге күмәнім бар. Ол адамды көргім келмейді. Сондықтан мен қатысқан жобаларда ол болмайды. Мөлдір шындықты айта алмайды, оның бар шындықты айтуға күші мен жігері жетпейді. Мен Мөлдір қатысқан жобаларға қатыспаймын. Сондықтан мен алдын ала ұйымдастырушыларға осы туралы ескертемін. Мөлдір қатысқан жерге бармаймын деп айтамын. Бұл - менің құқығым", - деді ол Мөлдір турасында.
Сонымен бірге, Бағым Мұхитденова отбасында орын алған үлкен проблемалар туралы да ашып айтты. Ол төрт жыл бойы жеке өмірі қиын жағдайды бастан кешіргенін жеткізді.
"Қазір ара-қатынасымыз керемет. Мені күйеуім әлі де ханшайымдай төбесіне көтереді. Мен бұл жайтқа дейін отбасымызға көңіл бөле алмадым. Мөлдірге көбірек көңіл бөліп, отбасымды ұмытып кеттім. Мен өзіме емес, жұмысыма баса назар аудардым.
Жобамдағы қыздардан мегажұлдыз жасауға тырысып бақтым. Менің өмірімде өте ауыр проблемалар болды. Өте қиын жағдайларды басымнан өткердім. Бұл проблемаларды өзгеден емес, өзімнен көремін. Мен адаммын, сондықтан мұндай проблемалар тудырған адамды кешіре алмаймын.
Себебі мен құдай емеспін, жай ғана адаммын. Адамға бар жағдайды жасап, ал ол саған арқаңнан пышақ сұқққандай болса, оның үстіне өзіңе жала жапса, бұл мен үшін адамшылыққа жатпайды. Ақылсыз адамның ісі", - деді ол.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан өркендеуші елдер рейтингінде 10 саты жоғарылады
Сарапшы: Назарбаев кез келген тығырықтан жол табатынын көрсетті
Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың ең үздік әншісі" атанды (видео)
Орнынан тұра алмай жатқан сәбиді тепкен ер адам жұртты шошытты (видео)
Бес салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы шаршы алаңға қайта оралатын болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1694368-baghym-mukhitdenova-moldir-auelbekova/