Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стилистер жаңажылдық корпоративке киім таңдауда жиі кездесетін 15 қателікті атап берді

Жарияланған күні:

Жаңа жыл алдында аруларды әуре-сарсаңға салатын қарбаластың бірі – корпоратив кешіне көйлек таңдау. Осы орайда стилист мамандар мерекелік кешке киіну бойынша 15 өрескел қателіктен сақ болуды ескертеді деп хабарлайды AdMe.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

1. Ұзындығы жерге түсетін салтанатты көйлек

Егер сол кеште қызыл кілеммен жүріп өтетін жұлдыз болмасаңыз, тым ұзын әрі салтанатты көйлек таңдамай-ақ қойғаныңыз жөн. Себебі, әріптестермен бас қосатын жиын бағдарламасында көп қимылды талап ететін жарыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай ортаға ұзын көйлек кию – ыңғайсыз, әрі орынсыз саналады. Оның орнына қысқа немесе орташа ұзындықта небір әдемі көйлектер табуға болады.

2. Бірыңғай қара түсті көйлек

Тіпті, әріптестеріңіз сән әлемінен мүлде хабарсыз болса да, корпоративке бірыңғай қара түсті киім киюден аулақ болыңыз. Кез-келген басқа түстерді де бірыңғай етіп кию – мерекелік кешке жарамайды. Мұндай көлекті ашық түсті әшекей бұйымдар әдемілей түседі.

3. Сапасы төмен мата

Арзан, жылтырақ мата кімді де болсын әдемі етіп көрсетпейтіні анық. Егер жаңа жыл кешінде жарқырап көрінгіңіз келсе, бағалы көрінетін "қыстық барқыт" маталарды таңдаңыз.

4. Денеге тым қатты жабысып қалған көйлек

Денеге қатты жабысып тұратын көйлек сіздің әдемі мүсініңізді ғана емес, тамақ ішіп алғаннан кейін шығатын "артық жерлеріңізді" де ашық көрсетіп тұрады. Егер мерекеде сымбатыңызбен ғана көзге түскіңіз келсе, қаттырақ матадан тігілген көйлекті таңдаңыз.

5. Оюлы колготки

Егер оюы, суреті бар колготки кигіңіз келсе, ол қалауыңызды басқа уақытқа шегере тұрыңыз. Ол әсіресе, суретке түскенде өте арзан көрініп қалады. Оның орнына мезгілге сай бір түсті колготки таңдасаңыз, әдемі аяқтарыңызды одан сайын нәзік етіп көрсетеді.

6. Қауырсын немесе аң терісінен жасалған ішік

Мұндай киімдер қаншалықты қымбат әрі әдемі көрінгенімен, әріптестердің ортасына киюге кеңес бермейміз. Қарапайымырақ стиль өзіңіз үшін ыңғайлы және қауіпсіз болмақ. Егер қатты қаласаңыз, қолсөмкеңізді немесе сырғаңыздіы әсемдеуге қауырсынды аз мөлшерде пайдалануға болады.

7. Аң түстес киімдер

Мамандардың пікірінше жыртқыш аң терісін жамылып алғандай киім әйелдер кейпін «арзан», әрі бірнеше жасқа ересек етіп етіп көрсетеді. Оның орнына нәзік гүлдері бар бейтарап түсті көйлектер аруларды анағұрлым сымбаттырақ етеді.

8. Жылтырақ бұйымдар

Күрделі құрылымы бар ассиметриялық юбка, әшекейленген кеудеше, ерекше аяқ киім, бірнеше сақиналар мен білезіктер, көлемді сырғалар- бұл бір адам үшін өте көп. Мұның барлығы сізді жаңа жылдық шыршаға ұқсатып жібереді. Зергерлік бұйымдарға қатысты бір нәрсені есте ұстаңыз - ұзын сырға мен үлкен ожерелье қатар тағылмайды.

9. Киімге үйлеспейтін етік

Кеш көйлектерімен қысқы етік онша үйлеспейді. Ал жеңіл туфли мен тобықтан келетін етік керісінше, киіміңізді аша түседі.

10. Пижама немесе спорттық үлгідегі киім

Бұл киім барлық адамға өте ыңғайлы саналады. Алайда оны мерекелік кешке киіп бару орынсыз. Оның орнын тұстастырылып тігілген бешпент-шалбармен (комбинезон) алмастырсаңыз ұтылмайсыз.

11. Тым ашық көйлек

Мұндай образды киюге қаншалықты құмар болсаңыз да, әріптестер арасында белгілі бір шектік болғаны абзал. Сондықтан «ашық көлегіңізді» достар арасына киюге сақтап қойыңыз.

12. Балаларға арналған аксессуар

Үлкен адамдардың арасына басыңызға «пластик тәж» тағып немесе сиқырлы таяқшаңызды ұстап келу ұят. Тек көйлегіңізге сәйкес келетін кішігірім ғана элемент қосуыңызға болады.

13. Жаздық көйлек

Жаңа жыл қыс мезгілінде болатындықтан, оған жаздық көйлекпен келу ыңғайсыз. Оған қоса колготки мен жабық аяқ киім киіп алсаңыз – әріптестер арасында ұятқа қалуыңыз әбден мүмкін. Ал «коктейль көлейктер» қай мезгілде болмасын қыздарды сымбатты етіп көрсетеді.

14. Ыңғайсыз киім

Жаңа жылдық образ тек әдемі ғана емес, міндетті түрде ыңғайлы да боолуы керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа жылдық кеште көп ойын мен би болады. Егер кеудесі түсе беретін көйлекпен барсаңыз, кейін бұл мерекені тек өкінішпен еске алатын боласыз. Сондықтан копоративке киімді алдын ала дайындап қйған жөн.

15. Ресми стиль

Әріптестер арасында ұйымдастырылған кешке күнделікті жұмыс киіммен барудан аулақ болыңыз. Жаңа жылда мерекелік көңіл-күймен жүру үшін киіміңіз де соған сай болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1709193-stilister-zaazyldyk-korporativke-kiim-tadauda-zii-kezdesetin-15-katelikti-at/