Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал сазгер 20 теңгесін үнемдеу үшін жаяу жүрген күндерін еске алды

Жарияланған күні:

Танымал хит әндердің авторы, белгілі сазгер Ринат Гайсин студенттік шақтан бергі досы Сейфуллин Жолбарыс екеуінің басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Сазгер таңертеңгілік жол ақысы мен үйдегі нанға қаражат қалдыру үшін бірнеше шақырымды жаяу жүргендерін Tengrinews.kz сайтының The Эфир бағдарламасында еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ринат Гайсин. Скриншот: Видеодан
Ринат Гайсин. Скриншот: Видеодан: UGC

"Сейфуллин Жолбарыс екеуміз сонау Республика сарайынан екі самсаны алып, ішінде еті аз болғандықтан екі бас пиязды салып, бір майонезбен Абай-Алтынсарин көшесіне дейін күн сайын жаяу баратынбыз. Сондағымыз 20 теңгені жолға қалдыру. Екеуміздің қызымыз құрдас. Ол Шымкенттен, мен Атыраудан келдім.

Сол кездерді мен қиын заман деп айта алмаймын. Сейфуллин маған: "Сен менен үлкендеусің ғой" деп самсасының жартысын беретін. Нағыз адал досым деп Сейфуллин Жолбарысты айтуға болады",-деп ағынан жарылды сазгер.

Өзін "танымал сазгер" деп айтқанды ұнатпайтын Ринат Гайсин арманым Қадыр Мырзалиев, Фариза Оңғарсынова сынды қазақтың біртуар тұлғаларының өлеңдеріне ән жазу деді.

"Қадыр атамыздың кітабын ашқанда: "Неліктен мен Қадыр атамыздың сөзіне ән жазбаймын, Фариза апамыз, Тұманбай атамыздың сөздеріне ән жазбаймын, мен не істеп жүрмін?" деп ойландым. "Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі, әні Ринат Гайсиндікі" десе мен үшін үлкен бақыт. 2018 жылы мен ұлы ақын ата-апаларымыздың сөзіне арнайы ән жазамын",- деп уәде берді ол бағдарлама барысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710619-tanymal-sazger-20-tegesin-nemdeu-sin-zaau-zrgen-knderin-eske-aldy/