Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаршатты, болдым: Баян Мақсатқызының әкесі қызын қаралағандарға алғаш рет жауап берді

Опубликовано:

Танымал продюсер Баян Алагөзованың әкесі Мақсат Мұхитденов қызын сынап, оның фильмін эфирден аластату керектігін айтқандарға жауап берді. Ол "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясының сценариін талдап, оның дұрыстығына күмән келтірмеуді сұрады. Бұл туралы "Ұлт" порталы хабарлайды.

Баян Мақсатқызының әкесі қызын қаралағандарға алғаш рет жауап берді
Мақсат Мұхитденов: UGC

Мақсат Мұхитденовтің айтуынша, оның қызы түсірген тарихи телехикаяны сынағандар дәлелсіз пікір білдіріп, орынсыз талап қойған. Фильм сценариінің дұрыстығына күмән келтіргендерге ол сценарийді талдай отырып, жауап берген.

Мен - Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов. Жасым 71-де, руым - Кіші Жүз, Масқар. Кейінірек аттары аталатын - үндес, ауызбірлігі құрыш, ой қорыта алатын, сайтқа жариялай алатын адамдардың суқаны сүймейтін - Баянның әкесімін. Баянның анасы, 51 жыл айотасым Күлжамал. Жасы 69-да, руы - Арғын, Тобықты. Байлығым 5 мыңға таман кітап, фонотекамда бір мыңнан аса күй, бір мыңнан аса ән, термелер, бүкіл дерлік европа классикасы бар.
Баян осы атмосферада өсті, сондықтан кейде ешкі апа бола алады, ал жездең теке деген түсінік жоқ. ”Әке - балаға сыншы”, сондықтан да “Алаш” сыйлығының иегерінен өресі әлдеқайда жоғары. Айтпақшы, кітапханамда Қазыбек ақынның (ред. - Баянның аталған телехикаясна қарсы шыққан журналист) шығармалары жоқ, бірақ тауып бір екі кітабімен танысып шығып, “Алаштың” ауылы жырақ екенін түсіндім, сірә мына
Баянмен болған жағдайдай ауызбіршіліктің, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлықтың арқасында, қисық кетіп бара жатқан көш - “Алаш” елді мекеніне тұрақтаған сыңайлы. Хош, енді төсекте жатса да, ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына жасалған қиянатқа шыдай алмай пост жазған Анар Төлеухан қызына келейік, - деп жазған ол алғаш болып пост жазған журналиске қызының эпосқа еш қиянат жасамағанын айтты.

Шаршатты, болдым: Баян Мақсатқызының әкесі қызын қаралағандарға алғаш рет жауап берді
Баян ата-анасымен бірге: UGC

"Анар Төлеуханқызы, журналистсіз ғой, ендеше, біліп қойыңыз, ешкім “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына қиянат жасаған жоқ. Бұл эпостың 12-15 шақты нұсқалары болса керек, башқұрт, алтай тіліндегілерді санамағанда. Менің өзімде 8 варианты бар. Сол варианттардың негізінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ деген 6 сериялық телесериал түсірілді. Ал эпостарға қиянат жасау үшін оларды білмеу керек. Фильмнің сценариін жазған адам жырдың варианттарын білмеді деп айта алмаймын", - деді Мақсат Мұхитденов.

Осылайша ол "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырынан мысал келтіріп, Баян түсірген телехикаядағы ел сынаған диалогтары орынды жазылғанын жазған.

Меніңше, біреуді нақақтан-нақақ күйдірмеу үшін, айтып тұрған адам сауатты болу керек, нағыз ақиқатына жүгінсек, кітәп оқуы керек. Гүлмәрия Барманбекова, міне сіздің сөзіңіз: “Баянның аузына “Қодарға тимеймін, әке-шешемнің өзі тиіп алсын” деген сөз салыпты. Ал оригиналға келсек: ”Етегімді жел ашып жүрген емен, Қозыкеден басқаға күлген емен. Әке неке қи дағы тіке өзің ал, Елден бура салғандай інген емен. Әке, неке қи дағы тіке өзің ал, Елден айғыр салғандай байтал емен”, - деп жырдан үзінді келтірді.

"Ардагер журналист Гүлмәрия Барманбекова сіздің теңеулеріңіз, адамның жеке басын қорлау деп саналып заң жүзінде сарапталуы да мүмкін. Оған да бара алатынымды ескертемін.

Хош, енді барлық пәле менің қызым Баяннан екеніне иманындай сенетін Қазыбек мырзаға келейік. "Бауырым" деп айта алмаймын, оған себеп көп, тіпті түріңізден де көріп тұрмын бауыр емес екендігімді. Өкпелемеңіз, өзекжардымызды мәймөңкелемей бетке айтатын тұқымнанбыз. Сізге Баян соншама не істеді? Бір емес, екі емес «Қазақ үні» деген гәзитіңіз Баянды популизация/пиар жасауда алдына қара салмай келеді, «Баянның ботқа шоуы ма, тағы да басқа әдемі, жүрекке жылы тиетін атаулармен». Ал осы жолы тіпті ерледіңіз! Оңай емес қой, «Баянға Баянды қорлатпаймыз, Баян руханиятымызды өшіруде» деп ұрандатып тұрған, өзіңіз бүгін ғана мақтанғандай, үш жүз қол жинау, жол болсын!. Бірақ рахметімді де айтып кетейін, Баянда бүгін екі миллион тоғыз жүз мың подписчик бар еді, мына сіздің қазақ руханияты үшін жанқиярлықпен, талмай істеп жатқан делдалдығыңыздың арқасында, ертең үш миллион бес жүз мың подписчик болатынына сенімім мол.
Шаршатты, болдым...

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710841-sarsatty-boldym-baan-maksatkyzyny-kesi-kyzyn-karalagandarga-algas-ret-zauap-berdi/

pixel