Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық жұлдыздар Қайрат Түнтековті жеңісімен құттықтамаған

Опубликовано:

Әлеуметтік желідегі 100 мыңға жуық оқырманы бар v_shymkente парақшасы Қайрат Түнтековті "I’m a singer" жобасындағы жеңісімен құттықтамаған әріптестеріне өкпесін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"31 желтоқсаннан бері Instagram парақшасында отырмын. Бір өкініштісі – әнші әріптестері Қайратты жеңісімен құттықтағанын байқамадым. Сол себепті, достар, өзіміз қолдайық!", – деп жазылған парақшада.

Қайрат Түнтеков. Фото: Instagram
Қайрат Түнтеков. Фото: Instagram: UGC

Жазбаны оқыған желі қолданушылары әнші үшін халықтың ықыласы мен ниетінің басты орында екенін жазса, кейбіреулері Қайраттың өнерін көре алмай жатқандардың ісі деп жорамалдап жатты.

Осы жазбадан кейін әншіні "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов парақшасында құттықтады.

Бағлан Әбдірайымовтың құттықтауы. Скриншот: Instagram
Бағлан Әбдірайымовтың құттықтауы. Скриншот: Instagram: UGC

Ал белгілі журналист әрі блогер Бибігүл Дәлетбекқызы Қайраттың өнерге қайта оралғанына қуанышты екенін жеткізген.

"Шын таланттарды көрсем, қатты қуанамын! Сахна сенікі - Қайрат! Жанды дауыста ән айтып жүргендердің бірі өзіңсің. "Фанерщиктерді" ысыратын уақыт жеткен секілді.

Бір сүріндің...Енді жығылма. Аяғыңнан нық тұрып, қанатың қайырылмай, биікке қарай ұша бер, қырандай самғай бер!

Биікке самғап бара жатқаныңда, жұрт секілді "бұлттан да жоғары тұрмын" деме. Қариялардың сөзін көп тыңда, ділмарсығанды онша ел ұната бермейді. Халықтың ыстық құшағынан артық ештеңе жоқ екенін білуге тиіссің. "Еркеліктің жөні осы екен" деп, дандайсыма. Халық - көкке көтере біледі, керек десең сол көктен жерге түсіре де алады. Халықтан биік тұрмын деп асқақтама" ,- деп жазды ол парақшасында.

Еске салсақ, Қайрат Түнтеков 31 арнада жүріп жатқан "I’m a singer Kazakhstan" жобасында бас жүлдені қанжығасына байлап, қаржылай 3 миллион бес жүз мың теңге сыйлық алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1710849-tanymal-otandyk-zldyzdar-kajrat-tntekovti-zeisimen-kttyktamagan/

pixel