Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құмар ойындарына кіріп кеткен айтыскер ақын "Казиноға" арнап ән жазды (видео)

Опубликовано:

Бір кездері құмар ойындарына кіріп кеткен танымал айтыскер ақын Асхат Қылышбеков "Казиноға" арнап, өлең шығарды. Асхаттың айтуынша, мұндай құмар ойындарына талай қазақтың менмін деген жігіттері әуес болып, барынан ұтылған. "Өлең арқылы қоғамға титтейде болса ой салғым келді" деген Қылышбеков "Еуразия" арнасында бұл жолға қалай түсіп кеткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Асхат Қылышбек. Фото: Интернет желісінен
Асхат Қылышбек. Фото: Интернет желісінен: UGC

"Қапшағайдағы үлкен казиноға арнайы үш рет бардым. Ол кезде кіру құны-$500, $1500 кетті. Тасыған өмірде азаматтың басынан неше түрлі жағдай өтеді. Мұның пайдасы -өмірге бір өлең келді. Ал мені тоқтатуға бір ғана себеп болды, ол адамның - иманы", - деп ағынан жарылды Асхат.

Айтыскер казиноға барғаннан-ақ жолы болмағанын айтты. Орталықтан құмар ойындарына салынып кеткен қазақтың талай жігіттерін көргенін де жасырмады.

"Мен де казиноға барып көрдім, ойын автоматтарын ойнап көрдім. Жолы болатын баланың алғашқы ұрлығы ашылады дейді ғой Казиноға бірінші барғаннан ұтылдым, букмекерден де ұтылдым. Бір нәрсеге көзім жетті, адам баратын жер емес екенін білдім. Біріншіден, ақшаңа ысырап. Екіншіден, денсаулығыңа. Ол жер көк түтіп сасып тұрады, өзің шекпесеңде жұтасың. Үшіншіден, уақытыңа ысырап. Төртіншіден, құдайдың да, адамның да алдында абыройсыз болады екенсің. Қарыз сұрайсың, ұтыласың. Сондай жігіттердің көбін көрдім, көп жігіттерге айтып та көрдім. Ән арқылы теңізге тамған тамшыдай болса да, бір үлесіміз болса екен дедік. Тоқтату мақсатында жазылған өлең",-деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1711171-kmar-ojyndaryna-kirip-ketken-ajtysker-akyn-kazinoga-arnap-n-zazdy-video/

pixel