91 тобы Корея көшелерінде концерт беріп жүр (видео)
Опубликовано:
Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея көшелерінде концерт беріп жүр. Олар көшеде жаяу жүргіншілердің алдында ән айтып, би биледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Онда топ мүшелері жуырда ғана жарыққа шыққан "Ah Yah Mah" әнін орындады, кейіннен хитке айналған "Айыптама" әнін шырқады. Одан бөлек "Ninety One" 10-шы қаңтар күні фан-митинг өткізді.
Сүйікті тобының шетелдегі өнерін көрген иглздар өнерпаздар үшін қуанып жатқандарын жазып, олар үшін мақтанатындарын жеткізді.
"Сендер үшін кеудемді мақтаныш кернеп жатыр! Алға, жігіттер!", "Жарайсыңдар, өнерлерің өрге жүзе берсін!", " Қазақстанның атын осылай шығара беріңдер, біз сендермен мақтанамыз!", деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1711667-91-toby-korea-kselerinde-koncert-berip-zr-video/