Бәсекеден достыққа дейін: Шоу-бизнестегі достығы жарасқан жұлдыздар кімдер? (фото)
Жарияланған күні:
Шоу-бизнесте тек қана бәсекелестік болады дегендер қателеседі. Себебі, бұған өнері мен достығын ұштастырып келе жатқан сахна сұлулары дәлел деп хабарлайды «Хит-ТВ» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сәбит Әбдіхалықовтың қос жұбайы Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева бір-бірімен жақын құрбылар. Тіпті кезінде бірлесе кеш те өткізді.
«Арнау» тобының әншісі Салтанат Бақаева мен Жұлдыз Әбдікәрімованың достығына он жыл толған. «Ең алғаш достығымыз, театрда жұмыс жасағанда басталды. Ол тұрмысқа шығып, мен – жас әнші, жұмыстарым көп болып, кезінде біршама уақыт бір-бірімізді жоғалтып алдық. Қазір, шүкір достығымыз берік»,-дейді Салтанат Бақаева.
Бірі - танымал продюсер, екіншісі – тележүргізуші. Баян Алакөзова мен Мадина Балғабаеваның қуанышта да, қайғыда да ажырамай келе жатқанына – 25 жыл толған.
Сахнада қосыла ән айтып қана қоймай, демалысқа да бірге аттанып, бірге жүретін құрбылар қатарында Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова да бар. Басы бос бикештер достыққа адал болып шықты.
Өнер жұлдыздары арасында Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина да сыйластығы елге үлгі. Төрт ұлдан соң қызды болған Қарақат құрбысы Мадинаға жұғысты болсын деп қызыл қамзолын сыйға тартқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714140-bsekeden-dostykka-dejin-sou-biznestegi-dostygy-zaraskan-zldyzdar-kimder-foto/