Қызылордалық ақын өзінің әнін ұрлап алған Төреғалиге өкпесін айтты
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды. Қызылордалық ақын Әл-Фараби Бекарысұлы әншіні әнімді ұрлады деп айтыптауда. Ақын бұл жайында «Замана» газетіне берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Найзағай болып» әнінің өлеңін қызылордалық Әл-Фараби Бекарысұлы мен жазғанмын дейді. Бірақ оны Төреғали мен оның айналасындағы дос-жарандары өзгертіп жіберген көрінеді.
«Бұл әннің әу бастағы сөздері менікі еді. Ал Аян Сейітов деген жігіт Төреғалидың айтуымен өзгеше етіп сөз жазған. Бірақ ең негізгі бөлігі – «Найзағай болып» деген жерін алып қалған. Менің нұсқамдағы өлеңнің аты – «Найзағай көңіл». Ал Төреғалидың орындауында «Найзағай болып» деп таралып кетті. Оның әнін менің жан досым әрі группаласым Үкітай Ерниязов шығарған»,- дейді автор.
Ал әннің шығу тарихы жайлы автор «Үйленіп, балалы-шағалы болған шақта бір қызға ғашық болдым. Қаршадай ғана қыз-тұғын, әсемдік салонына енді ғана шаштараз болып жұмысқа орналасқан екен. Әлгі қызды көру үшін апта сайын шаш қысқартушы едім. Тіпті ол шашымның пішінін бүлдіріп тастаса да қайтпайтынмын. Бір күні әлгі қыз түсіме кіріпті. Түсімде оған арнап дауыстап өлең оқып жатыр екенмін. Шошып ояндым. Содан дереу өлеңнің шумақтарын қағаз бетіне түсіре бастадым»,- дейді.
«Найзағай көңіл» әні 2014 жылы дүниеге келіпті. Бастапқыда Төреғали туындымызды жарыққа шығаратын болды деп қуанып жүргенбіз. Сөйтсек ол әннің сөзін бір күнде өзгертіп, бізге ескертпей ел ішіне таратып жіберіпті. Дұрыстап уәж де айтпады. Кейін өзімен сөйлескенде, сөзін өзгертемін деп уәде берген. Кейін кездесіп қалсақ, танымағандай өтіп кетеді», - деп ренішін жеткізді ән авторы.
Найзағай көңіл
1. Сезімнің қуат, күшіне ердім,
Өмірдің сынақ, ісіне көндім.
Аңсаумен талай, шаршаулы едім,
Ақыры сені түсімде көрдім.
Қайырмасы:
Жүруші ем сені айнала торып,
Алды-артымды да болжамай толық.
Қашанғы бұлттай жабырқай берем,
Жарқ етейінші найзағай болып!
2. Жанайқайымдай жаңғырған әнім,
Бойымда барда алғыр талабым.
Бұғаулы қолмен бұзып шығармын,
Шойын қақпалы тағдыр қамалын.
3. Аққуы болсаң шалқар көлімнің,
Өзіңе үлкен артар сенімім.
Жанартау жүрек жарыла жаздап,
Дариядай тасыр дархан көңілім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714786-kyzylordalyk-akyn-zini-nin-rlap-algan-tregalige-kpesin-ajtty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 21
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Кінәсін түсінген адамды неменеге жарасын тырнап қаната бересіңдер, кінәсін түсінген адамды олай кінәлай берме деген терме, мақалдар көп қой! Төреғалидың қазақ өнеріне қосқан жақсы өнерін бағалауымыз керек. Жақсылығы көп жігіт. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын. Қолда барда алтынның қадірін білейік. Қолдан шығып кеткесін өкіндім-ай дегеннен не пайда. Өнері бар жігіттің бойындағы өнерін көрсетуіне мүмкіндік берейік.
Аноним
Төреғали дарынды адам, сүрінгенін пайдаланып, тас ата бермеңіздер. Жас кезде барлық адам қателік жібереді. Найзағай деген сөзге қадалып сонша.
Аноним
Төреғали осы өленді тамаша айтады.
Аноним
Шынын айтсам мен Торегалиды кәдімгідей жек корип кеттим. Бундай адаммен туысқан болмаганыма шүкір.
Аноним
все равно торегалиди барин тындайсындар гой оган ешким жетпейди
Аноним
Қатты асып бара жатқан түгі жоқ. Даусында естігіміз келмей қалды
Аноним
Осы анди емеспе ДосханЖолжаксынов агамыз айелинин елу жас тойында ТорегалиТореалинин ани деп хабарлады гой.Е..е..бирак бул Торегалига уйреншикти жайт.Бундайга "улы дала баласы"пыскырмайды.
Аноним
Неше осы айтылатын ангиме окпе рениш пол уакытта айтылмаган дау арылмай жатканда созди кобейте бересиндер Адам тугели жануарда суринед жетер енди оздерин котерип шыгарып анин тындап енди не болды сендерге
Аноним
Адам жануардан жоғары тұрмайдыма)))
Аноним
Дурыс айтады.Укитай Ерниязов та талантты бул анди оте жаксы айта ды,Торегалидан кем емес.Е осындайда есине туседи, бак шаба ма ,бап шабама
Аноним
түсінікті бұл көреалмаушылық
Аноним
Көргіміз келмейді сахнада мұндай əдепсіз баланы.
Аноним
көреалмаушылық деген осы өлең сеніңкі болса айтпадыңба халықтың алдына шығып
Аноним
байгус айелиннин бес ели соры бар екен. букил елге бала-шагалы болганда кошедеги кызга гашык болганынды айтпасан болар еди. корланып озин калай сезинип жатыр екен айелин? айелди АЛЛАДАН аманат кып алган сон суймесен де сыйлау керек шыгар. кезинде сезимин болган сон уйленген шыгарсын. сосын мына анин Торегалидын анине катысы жок сиякты. еки болек олен. атын шыкпаса Торегалига тису керек па
Аноним
шорегали шореали сен абден халыкты шаршаттын, акылын жок бала емес, бале екенсин
Аноним
Торегалидын найзагай болып анинин мани тусиниксиз, мине мина найзагай конилде бари тусиникти создеринде ман бар
Аноним
екі оленнің сөзі мулдем сәйкес келмейді гоо жандарымау Торешке тыныштык берсендерші ол барибир оленді накышына келтрип оте жаксы айтады казактын нагыз сериси емеспе
Аноним
Серілігін көрсеттіғой əдемілеп тұрып
Аноним
«Үйленіп, балалы-шағалы болған шақта бір қызға ғашық болдым.
Аноним
қуа бермеш
Аноним
əйелін аямады ау бар елге жария сап
Аноним