Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары кімдер?
Опубликовано:
Ақ көйлек. Қымбат мейрамхана. Əдемі той. Неке жүзігі. Ең бастысы, арқасүйер асыл азамат. Мұны кез-келген ару армандайды. Алайда, қиялдағы ақбоз атты ханзаданы өмірде қашан жəне қалай кездестіру - ол тағдырдың ісі деп хабарлайды Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен сылқымдар. Коллаж: NUR.KZ Ақбоз атты ханзадасын күткен сылқымдар. Коллаж: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx2lml895ppt1g.jpeg)
Әсел Садуақасова«Дауыс International» тобының экс-әншісі. Кей көрермен оны ең алғаш рет «Саранча» телехикаясындағы Райхан деп таныды. Бүгінде әншіліктен бас тартып, продюсер атанып жүрген ару қос бірдей жоғарғы оқу орынды тәмамдаған – журналистика және психология. Әнші, актриса, продюсер, тележүргізуші секілді өнердің барлық тармақтарын біріктірген бойжеткен 1985 жылдың 31-қаңтарында дүниеге келген. Күні кеше 33 жасқа толған Әселдің әзірге басы бос.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7q6eb38b81h.jpeg)
Соңғы кездері жартылай жалаңаш түскен фотосуреттерімен ғаламторды шулатып жүрген Кәмшаттың да басы бос.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx1arbe4esjg5.jpeg)
KeshYou тобы арқылы танылған сылқым қазір жеке әнші әрі тележүргізуші ретінде өнерін шыңдауда. Айтпақшы, Ақтау қаласының тумасы Жолдыбаева қаңтардың 28-інші жұлдызында отызға толды.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5ae8h0jsgsq.jpeg)
Баян бағын жаққан тағы бір бойжеткеннің басы бос. Ол – Жанар Дұғалова. Дұғалова бұған дейін Берік Айтжановпен де, Тәуекел Мүсіліммен де сүйісіп фильмге түскен болатын. Өзін сынаған көпшілікке «өнер үшін жаным пида» деп қысқа жауап берген-ді. «Turkvizion-2014» байқауында көк туымызды көкке көтерген Жанар 1987 жылы дүниеге келген.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxfff38do18cu.jpeg)
«Брат или брак» кинокартинасының продюсері, әрі басты рөлін сомдаған актриса Құралай Анарбековада әзірге өмірлік жартысын кездестірмеді. «Мыңбала» фильмі арқылы танылған арудың жасы қазір 29-да. Ал, сүйіктісін кездестірген кезде фильмдегідей «бракты» таңдай ма, «браттың» көңіліне қарай ма? Бұл уақыттың еншісінде.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx3g42msnvq55g.jpeg)
«Жеке өмірім – ол менің жеке өмірім» деп үнемі жабулы қазанды жабулы қалдыратын Мақпал Исабековада бұл тізімнен табылды. «Super Star KZ» жобасындағы жүзді жарып шыққан Жаркенттің аруы 21-ші ақпан күні 34 жасқа толады.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx4rjbij031o5.jpeg)
Жасы келсе де, ұзатылуға асықпайтын арулардың қатарында Байбосыновалардың Гүлбаһрамы және сахна саңылақтарына айналған сұлулардың бетін сәндеп жүрген Санди Бексырға секілді бір топ сұлулар бар.
![Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен Ақбоз атты ханзадасын күткен шоу-бизнес сылқымдары. Фото: Интернет желісінен](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7g31retnven.jpeg)
Өнерде жолы болған арулардың жеке өмірде бағын ашатын азаматтары 2018 жылы кездессін деп тілейміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714877-akboz-atty-hanzadasyn-ktken-sou-biznes-sylkymdary-kimder/