Шымкенттен шығып, күллі елге танымал болған жұлдыздар кімдер?
Опубликовано:
Сахна төрінде жүрген өнер иелері арасында Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумалары көп деп жиі айтылады. Осы орайда, NUR.KZ порталы Шымкенттен шыққан жұлдыздар тізімін назарларыңызға ұсынады.
![Шымкенттік жұлдыздар. Фото: Nur.kz Шымкенттік жұлдыздар. Фото: Nur.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7sck6cqkk01.jpeg)
Қайрат Нұртас – Оңтүстік Қазақстанның Түркістан қаласында дүниеге келген. Әр әні тыңдарман жүрегінен орын алатын, хитмен әншінің бүгінде жары Жұлдыз да өнерге қадам басты. Қайрат пен Жұлдыз бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.
![Қайрат Нұртас. Фото: Интернет Қайрат Нұртас. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6uh530rq0kd.jpeg)
Сәкен Майғазиев - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. «Музарт» тобының әншісі. Бүгінде жары Динарамен үш баланың ата-анасы.
Қайрат Түнтеков – Шымкент қаласының тумасы. Ол 2005 жылы «Superstar» жобасынан жұлделі орын алып, халыққа танылған болатын. Өмірінде болған келеңсіз оқиғадан соң, қазақстандық «I am a singer» жобасының жүлдегері атанды. Жұлдызы қайта жанған әнші жақын арада халыққа жеке концертін өткізеді.
![Тунтеков: Фото: Интернет Тунтеков: Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxsqvh2afar78.jpeg)
Заттыбек – «Ақ Маржан» әнімен танылған әнші Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Әндерінің барлығы дерлік «хитке» айналатын той әншісінің бүгінде сүйікті жары және бір қызы бар.
![Заттыбек. Фото: Интернет Заттыбек. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx647i4s34o0f.jpeg)
Алтынай Жорабаева – Бейнеткеш ауылында өмірге келген Алтынайды бүгінде ел таниды. Тіпті президентіміздің өзі қолын алып, тілегін айтты. Алтынай - төрт қыз тәрбиелеп отырған ана.
![Жорабаева. Фото: Интернет Жорабаева. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx4vo6rd9sbn8.jpeg)
Жігіттер квартеті – 2003 жылы Шымкенттік жігіттер құрған топ. «Жігіттер» квартеті төрт жігіттен тұрады. Олар: Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Айдар Байжанов, Мырзахан Маханов. Биыл топ өздерінің 15 жылдығын атап өтті.
!["Жігіттер" тобы. Фото. Интернет "Жігіттер" тобы. Фото. Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx48jm012ie9c.jpeg)
Айдай Исаева – «Қазақстан аруы – 2013» атағын жеңіп алған шымкенттік ару. Ол 2015 жылы Мақсат Мамытханға тұрмысқа шықты. Бейнебаяндарға түсумен және сәнгерлік бизнеспен айналысатын Айдай бір баланың анасы.
![Исаева. Фото: Интернет Исаева. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7h78rjk6urn.jpeg)
Әбдіжаппар Әлқожа – Роза Әлқожаның кенже інісі бүгінде әндерімен жастардың көңілінен орын тапқан. Оның «Тәтті ару», «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек» әндері «хитке» айналып үлгерді. Ал әнші жеке өмірін құпия ұстайды.
![Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Интернет Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx4a2gep6thdt.jpeg)
Нұржан Төлендиев – «Тука» есімімен танымал Шымкент өңірінің тумасы. «Шаншар» театры арқылы аты шығып, елді күлкіге қарық қылатын актер алты баланың әкесі.
Ләйлә Сұлтанқызы – белгілі тележүргізуші де Шымкент өңірінде дүниеге келген. «Әйел бақыты» , «The эфир» бағдарламаларымен танымалдылыққа қол жеткізген Сұлтанқызының «Екінші кітабым», «Әйел» атты кітаптары да жарық көріп үлгерді.
![Сұлтанқызы. Фото: Интернет Сұлтанқызы. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxhl6o9ltb3to.jpeg)
Айта кетейік, бұл оңтүстіктен шыққан өнер иелерінің бір бөлігі ғана.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715405-symkentten-sygyp-klli-elge-tanymal-bolgan-zldyzdar-kimder/