Музарттық Кенжебек егіз қызымен ән салып, елді сүйсінтті
Опубликовано:
Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасына егіз қыздарымен бірге ән шырқаған сәтін видеоға түсіріп салып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Музарттық әнші қос құлыншағымен бірге «Үшқоңыр» әнін орындап, «Қос қарлығашым Алтынбек Қоразбаев аталарын осылай құттықтады. 1000 жасаңыз!» - деп жазып қойды Кенжебек.
Әуенін Алтынбек Қоразбаев, ал сөзін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған әйгілі әнді орындағандарға әншінің оқырмандары: «Өзіңізден аумай қалыпты», «Алла тіл көзден сақтасын», «Керемет, алға!», «Қанатың талмасын!» деген жылы лебіздерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715572-muzarttyk-kenzebek-egiz-kyzymen-n-salyp-eldi-sjsintti/