Қазақ аруы: Баян Мақсатқызы тарихты білмеген аруларды "қуып" шықты
Опубликовано:
Биылғы жылы өтетін қазақ аруы байқауының талаптары өзгермеген. Тек байқаудың ауқымы кеңейген деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Қазақ аруы. Фото: Интернет Қазақ аруы. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6h2mg24ibbd.jpeg)
Енді «Қазақ аруына» қазақстандық сұлулар ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстан, Ресей, Түркия, Моңғолия еліндегі қандастарымыз да қатыса алады. Басты шарт, салт-дәстүрді, тарихты жетік білуі керек.
![Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7idqh93jik8.jpeg)
Жоба жайында продюсер Баян Мақсатқызы: «Бұл идея қателеспесем осыдан 5 жыл бұрын туындаған болатын. Сол кезде, дәл осы сайысты халықаралық деңгейде өткізу керектігін ұқтым. Біз, Қазақстандағы кастинг аяқталғаннан кейін, өзге елдегі іріктеуді бастаймыз. Жақын күндері сапарға шығамыз», - дейді.
Айта кетейік, іріктеуге келген үміткерлерге Қазақстан тарихынан сауалдар қойылып, ұлттық салт-дәстүрге және танымал тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалады.
Қазірдің өзінде байқауға келген үміткерлер алғашқы сұрақтан сүрініп, конституция күнін білмей жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715659-kazak-aruy-baan-maksatkyzy-tarihty-bilmegen-arulardy-kuyp-sykty/