Қайрат Нұртас тыңдармандарына бір миллион теңгені бөліп бермекші (видео)
Опубликовано:
Қайрат Нұртас жақында ғана жарыққа шығарған «Сүйген қалам» әніне конкурс жариялап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Құрметті оқырмандарым! Менің «Сүйген қалам» атты әніме өз қалаларыңызды видеоға түсіріп жіберіңіздер. Үздік деген жұмыстарды өзім таңдаймын. Үш жеңімпазға 1 млн теңге ұтысты бөліп беремін. Бұдан өзге смартфонды ұтып алуға да мүмкіндіктеріңіз бар. Сәттілік, достар!» - деді әнші.
Ал оқырмандар болса, пікірлерді жаңбырша жаудыра жөнелді. «Сонда не істеу керек, айтыңызшы?!», «Сүйікті қалам – Шымкент», «Атырау менің мақтанышым», «Менің телефон ұтқым келеді», - деп жазды, әншінің тыңдармандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715820-kajrat-nrtas-tydarmandaryna-bir-million-tegeni-blip-bermeksi-video/