Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев Төреғалидің әрекетіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Елімізге белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың пікірінше қазір басына қонған бақты көтере алмайтын жастарымыз баршылық екен. Сондай-ақ әнші оларды адам емес, тек Алланың ғана сабасына түсіре алатынын айтты деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев. Фото: qamshy.kz
Мейрамбек Бесбаев. Фото: qamshy.kz: UGC

Сондай-ақ Бесбаев алғаш рет Төреғалидің әрекетіне қатысты өз пікірін айтты.

“Қанша талантты болсын, қандай аспандағы жұлдыз болсын барлығы адамгершілікке, тәрбиеге келіп тіреледі. Кенен атам: “Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, түбі тартпай қоймас негізге”, – дейді. Түбі қалпы дұрыс болмаса, ол бәрібір бір жерден шығып тұрады.
Қазіргі жастарға тәрбие, тәртіптің жетіспеушілігінен шығар деп ойлаймын. Оның үстіне, бақты көтере алатын, көтере алмайтын жандар бар. Аяқ астынан бағы жанып кеткен кезде адам өзі түсінбей қалуы мүмкін. Планетаға сыймай кетіп жатқан жастарды көріп жүрміз, өкінішке қарай. Бірақ бәрібір оны Алла Тағала тәубесіне келтіреді. Оны адам баласы, туған-туысы келтіре алмайды. Қалай құйылды, солай кетеді. Айт-айтпа бәрібір екен, Алла өзі ретке келтіреді”, – деді әнші.
Мейрамбек Бесбаев, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Вконтакте
Мейрамбек Бесбаев, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Вконтакте: UGC

Мейрамбек Беспаевтың өзінің де кезінде басына қонған бағын көтере алмай қалған күндерін еске алды. Алайда ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың арқасында сабасына тез түсіпті.

“Алтынбек Қоразбаевтың қасында жүргеннен шығар, көп нәрседен өзімді тежеп отырдым. Бала күнімде өңшең жұлдыздардың ортасына түсе салу маған да оңай тиген жоқ. Бүкіл мектепте танып жатады. Кейде сабақ оқымаған кезде мұғалімдер де көз жұма қарай салатын. Соның бәрі мінезіме кері әсер еткен тұстары болды. Бірақ көкемнің арқасында туралап алдық”, – деді Беспаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716564-mejrambek-bespaev-tregalidi-reketine-katysty-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel