RU

Роза Рымбаева ешқашан біреуден баласын концертке қатыстыруды сұрамағанын айтты

Роза Рымбаева ұлдары Әли мен Мәдиді халық әртісінің балалары болғандықтан сынайтындар табылады дейді деп хабарлайды «Кездер-ай» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева балаларымен. Фото: Интернет
Роза Рымбаева балаларымен. Фото: Интернет: UGC
«Әкесі – Тасқын өте мықты дерижер. Мен – әншімін. Қан тартпай тұрмайды ғой. Бір жағынан ұлдарымның әкесінің жолын қуғанына мен қуаныштымын. Әкесінің орнын қазір Әли басып жатыр. Оған қуаныштымын, әрине. Кезінде Тасқынның дерижерлігімен талай биіктерді бағындырсам, қазір Әлиім менің диапазоныма сай әндер жазып беріп жүр. Маған екі ән жазып берген еді. Екеуі де керемет шықты. Бірі – «Келинка Сабинка» фильміне саундтрек, екіншісі – жастарға арналған «Болашақ үні» деген әнім», - деді әнші.

Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли кәсіби фортепианода ойнайды екен. Композиторлық қабілеті бар, жас әнші өзіне ән де жазады.

Роза Рымбаева ұлы Әлимен. Фото: Интернет
Роза Рымбаева ұлы Әлимен. Фото: Интернет: UGC
«Мен ұлдарымды мына концертке қатыстыр. Мына хабарға түсірші деп өзгеге айтуды ойламаппын. Балам өз жолымен, өз музыкасымен келе жатыр. Керек десеңіз, ол орындайтын әндердің кейбірін мен түсінбеймін де. Себебі ол мүлдем басқа музыка, басқа бағдарлама, басқа стиль, ритм. Бүгінгі жастардың музыкасы. Оның музыкасына қатысым жоқ. Оның өсу жолы музыка редакторларына, телевизиялық концерттің редакторларына байланысты. Олар ұнамаса кіргізбейтін де еді. Рымбаеваның баласы болғаны оған бір жағы кедергі. Себебі ерекше сынмен қарайды. Талап та, сын да көбірек. Көреалмаушылық та бар. Сондықтан балам өз еңбегімен соның бәрін дәлелдеп келе жатыр», - деп ризалығын білдірді әнші.
Роза Рымбаева ұлы Мәдимен. Фото: Интернет
Роза Рымбаева ұлы Мәдимен. Фото: Интернет: UGC

Әншінің кіші ұлы Мәди сахнаға енді қадам басып келе жатыр.

«Керек болса, Әли екеуіміз Мәдиді қысамыз. «Бірінші кәсіби дипломыңды ал», «Өс», «Тол» деп шығармаймыз. Мүмкін, біраз уақыттан соң сахнадан Мәдиім де көрінер. Тек кәсибі маман болсын. Біздің үйдің талабы сол», - деді кенжесі жайлы Роза Рымбаева.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716812-roza-rymbaeva-eskasan-bireuden-balasyn-koncertke-katystyrudy-sramaganyn-ajtty/