RU

Қос қуаныш: Елімізге белгілі өнер жұлдыздары ұлды болды

Күні кеше өнер жұлдыздары Нұржан Керменбаев пен Олжас Сыдықбектің шаңырағы қуанышқа кенелді. Бірі әнші, бірі пародист қос өнер иелері де ұлды болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев, Олжас Сыдықбек. Фото: Nur.kz
Нұржан Керменбаев, Олжас Сыдықбек. Фото: Nur.kz: UGC

Жақсы жаңалықтарымен Керменбеав та, Олжас Сыдықбек те Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті.

Нұржан Керменбаев. Фото: Instagram
Нұржан Керменбаев. Фото: Instagram: UGC
«Алланың берген әрбір күні жақсы ғой. Бірақ, расымен кеше әдемі дата болыпты! Сол күні Алла бізге тағы бір ұлды сыйға тартқанына шүкір деймін! Шаңырақтарымызда әрдайым той болсын Қазақ елі», - деп жазды әнші.
Олжас Сыдықбек. Фото: Instagram
Олжас Сыдықбек. Фото: Instagram: UGC
«Жүрекжарды құттықтау лебіздерін білдіріп жатқан аға-әпке, іні-қарындас, дос-бауырларға отбасымның атынан раxмет айтамын. Мың алғыс, сіздерге! Дүние есігін ашқан атұстарымыздың есімін Байкен деп қойдық. Жаратқан Иеден ғұмырлы, бақытты, ізгі ұрпақ қылуын жалбарына сұраймын. Кеше перзентxанадан шығарып әкеліп, үйде дастарxан жайдық. Қуанышымызбен бөлісе курстас,достарымыз келді. Имам азан шақырып, құлағына есімін айтты. Көңілім қуаныштан қобалжып жүр,достар. Сіздерге көп-көп раxмет! Сіздер де нәрестелі болыңыздар! Сіздің де шаңырақта қуаныш болсын!», - деп қуанышымен бөлісті танымал пародист.

Өнер иелерінің оқырмандары "Бауы берік болсын", "Алла ғұмырлы етсін", - деп жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717633-kos-kuanys-elimizge-belgili-ner-zldyzdary-ldy-boldy/