Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян мен Мөлдір: Бір-бірімен сөзі жараспайтын шоу-бизнес жұлдыздары кімдер?

Опубликовано:

Сахнада жүрген өнер иелерінің арасында достық жоқ деген пікір жиі айтылады. Күн сайын бір-біріне мін тағып, Instagram арқылы дауласып жататын жұлдыздардың қарасы жетердік. Осы орайда, NUR.KZ порталы назарларыңызға арасынан ала мысық өткен танымал адамдар жайлы баяндайды.

Меруерт Түсіпбаева мен Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет.
Меруерт Түсіпбаева мен Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет.: UGC

Баян Мақсатқызы мен Меруерт Түсіпбаева

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясының сапасына көңілі толмаған әнші Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Мақсатқызы туралы пікірін ашық білдірген болатын.

Оның айтуынша, продюсер түсірілім барысында топпен түскен студенттерге бір тиын төлемей, тіпті су да бермей қойған. Одан бөлек, фильмнің сапасы мен кеткен қателіктері туралы да сөз қозғалған еді.

«Бұл жерде екі әйелдің арасындағы әңгіме емес, ұлт мәселесі тұр», - деген әнші өз пікірін білдіруге құқылы екенін де ескерте кетті.

Мөлдір Әуелбекова мен Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет.
Мөлдір Әуелбекова мен Баян Мақсатқызы. Фото: Интернет.: UGC

Баян Мақсатқызы мен Мөлдір Әуелбекова

«Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі» деген Мөлдір Әуелбекованың сөзінен соң, Баян Мақсатқызы бұрынғы шәкіртін бетпе-бет кездесуге шақырды. Ал Мөлдір Әуелбекова бұрынғы топқа қатысты мәселенің барлығы жабылғанын айтып, кездесуден бас тартты.

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан. Фото: Интернет
Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан. Фото: Интернет: UGC

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан

Екі әнші арасында болған жанжал "кім-кімнің атын шығарды" деген сұрақпен бас қатырды.

Төреәлі мырза "Ерке Төреғалимен ән айтқаннан кейін ғана жалпақ жұртқа танымал болды" деп мәлімдеді. Бұл сөзді естіген Баян ханым Төреғалимен Ерке арасындағы шығармашылық байланысты үзді де, оған ойындағысын айтып тастады.

Дастан Оразбеков пен Төреғалидың әкесі. Фото: NUR.KZ.
Дастан Оразбеков пен Төреғалидың әкесі. Фото: NUR.KZ.: UGC

Дастан Оразбеков мен Төреғалидің әкесі

Танымал әнші Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен арада орын алған кикілжің туралы айтты. Оның айтуынша, "Хабар" арнасында болған "Жұлдызды жекпе-жек" байқауы кезінде ол Төреәлі мырзамен төбелеске дейін барған. Бұл туралы журналист Зарина Мүсілімнің «Сөккен әңгіме» деп аталатын жаңа жобасында айтылды.

«Менің ойымша, әрбір ер-азаматтың бойында мінез болады. Оның үстіне, біреу ұрып жатса, оны жай жібере салуға болмайды деп ойлаймын. Ол намыс. Кейде сені біреу сөгіп, қатты айтып жатса, онда үндемей қоя салуға болады. Ал енді беру қол жұмсап жатса, оған көз жұма қарауға болмайды», - деген еді Дастан Оразбеков.
Меруерт Түсіпбаева мен Жадо Сахиева. Фото: Интернет.
Меруерт Түсіпбаева мен Жадо Сахиева. Фото: Интернет.: UGC

Мерует пен дизайнер Жадо

Жадо есімімен танымал Жадыра Сахиева телеарналардың бірінде Түсіпбаеваның стиліне қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған болатын. Әнші мұның есесін қайтару үшін өзінің Іnstagram-дағы парақшасына дизайнерге арнап жазба қалдырды. Түсіпбаева Жадоның басына тюрбан, үстіне тор көзді көйлек киіп түскен суретін орналастырып, оған дұрыс киінуге әрі арықтауға кеңес берген еді.

«Ал тюрбан дегендi етегi бар киiммен кию керек, Жадо! Джинсымен емес. Тор көзді көйлекке мынау ала орамал сәйкес келмейдi! Кейде миды жұмыс істету қажет. Түсінемін, 10 сыныптық біліммен алысқа бармайсың. Онсыз да саған істейтін іс жоқ. Біздің Жүргенов атындағы академияға түс. Онда Камила Асхатқызы талғамыңды ретке келтіреді. Семіріп, әліңді білмей әлек болғанша сауатыңды аш! Ешқашан кеш емес. Бір ғасыр өмір сүрсең де, бір ғасыр білім ал!»,-деп жазып қойды.

Бұдан кейін Жадо өмірде оқып-тоқығаны барын көрсету үшін Түсіпбаеваны сотқа берген болатын. Бірақ, соңында екі тарап бір-бірінен кешірім сұрап, татуласты.

Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек. Фото: NUR.KZ
Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек. Фото: NUR.KZ: UGC

Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек

Қайрат пен Серікбол кезінде жақсы дос болған. Олар кештерді бірге өткізіп, қуаныштарын атап өтетін.

Бірақ Қайраттың ішімдік ұрттап, аузына келгенін айтқан видеосы желіге тарап кетіп, елді бір дүрліктірген болатын. Міне, осы оқиғадан соң Қайрат желіге бұл видеоны салған Серікбол екенін айтып, оны кінәлады.

Кейіннен Серікбол оның бұл сөзін шындыққа жанаспайтынын жеткізді. "Дешевый адамдар дешевый әңгіме айтады" деген ол бұған өзінің қатысы барын мүлдем жоққа шығарды.

Ерболат Беделхан мен Ринат Зайытов. Фото: Интернет.
Ерболат Беделхан мен Ринат Зайытов. Фото: Интернет.: UGC

«Ninety one» продюсері Ерболат Беделхан мен Ринат Зайытов

Қазақстан арнасының "Айтуға оңай" бағдарламасында Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан мен айтыскер ақын Ринат Зайытов сөзге келіп қалған еді. Үнемі өз пікірін айтып салатын Ринат Зайытов топ мүшелерінің сырт келбетін ұнатпай, оларды сынға алды.

Баян Мақсатқызы мен Алуа Қонарова. Фото: Алаш айнасы.
Баян Мақсатқызы мен Алуа Қонарова. Фото: Алаш айнасы.: UGC

Баян Мақсатқызы мен Алуа Қонарова

Алуа Қонарова мен Баян Мақсатқызы мықты продюсер екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ қазақта "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" деген сөз бар. Олардың өзара дауына Жанар Дұғалова себепші болған.

Нақтырақ айтсақ, оның халықаралық байқаудағы жеңісіне қатысты Алуа жағымсыз пікір айтқан. Баян болса Қонарованың берген сұхбатында айтқан сөздеріне наразы болып, "Жанар бұл байқауды өз күшімен жеңіп алғанын" баса айтты

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытоп. Фото: NUR.KZ
Асхат Тарғын мен Ринат Зайытоп. Фото: NUR.KZ: UGC

Ринат Зайытов пен Асхат Тарғын

Бір кездері туған күн төрінде Ринат Зайытов пен Асхат Тарғын арасында жанжал туындаған еді.

Бұған дейін де тойдағы асабамен төбелесіп, есте қалған Асхат Тарғын бұл жолы айтыскер ақын Ринат Зайытовпен жанжалдасты. Онымен қоймай, ашуын тізгіндей алмаған Зайытов Асхат Тарғынға жұдырық ала жүгірген.

Олардың әріптестері қос өнер адамын ажыратып, жанжалдың бұдан ары өрбуіне жол бермеген. Ринат пен Асхат көп уақыт өтпей қайта татуласып, бір бірінің тілін тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717809-baan-men-mldir-bir-birimen-szi-zaraspajtyn-sou-biznes-zldyzdary-kimder/

pixel