Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майра Мұхамедқызы: Шетелдің сахнасынан балам артық

Жарияланған күні:

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы 20 жыл күткен сәбиіне жүкті болған уақытта әлемнің ең мықты сахналарынанкелген ұсыныстан бас тартқан. «Опера – болашағың, балаң – бақытың» деген анасының сөзін ескерген әнші өз сырымен бөлісті деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Майра Мұхамедқызы. Фото:Азаттық радиосы
Майра Мұхамедқызы. Фото:Азаттық радиосы: UGC
«Қызыма жүктілігіме төрт ай болғанда әлемдік екі үлкен опера шаңырағынан ұсыныс алдым. Түнімен ұйықтай алмадым. Таңертең оянсам, асымнан қан кетіпті. Ол маған үлкен сынақ болды. Сол кезде шешім қабылдадым. Операсы да құрсын, басқасы да құрсын! Керегі бала деп, больницаға жүгірдім.Анамның «Сенің операң, болашағың, бақытың – балаң», деген сөзі әлі есімде. Анамның тілін алғаныма қуанамын. Қызым өмірге келіп, ана бақытын сезінген сәтім ұмытылмайды», - деп көзіне жас алды Мұхамедқызы.
Майра Мұхамедқызы отбасымен. Фото:Stan.kz
Майра Мұхамедқызы отбасымен. Фото:Stan.kz: UGC

Сондай-ақ Майра Мұхамедқызы 20 жыл бала күткенде, жұбайының қалай шыдағанымен бөлісті. Әншінің жары «Өмірге екінші рет келсем, тағы да саған үйленер едім» деген екен. Мұхамедқызы отбасын сақтау үшін, әйелдің қандай болу керектігін айтып берді.

«Жолдасым екеуіміз 18 жасымыздан бір-бірімізге ғашық болдық. Осы күнге дейін қызығын да, басқасын да бірге өткізіп келеміз. Отбасын сақтап қалуда махабаттың негізі бар. Меніңше, отбасында әйелді еркелету керек. Бақытты әйел еркек үшін барлық жағдайды жасайды. Ал, еркекке құрмет керек. Біздің отбасы осы қағиданы ұстайды», - деп сырымен бөлісті халық әртісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718858-majra-mhamedkyzy-seteldi-sahnasynan-balam-artyk/