Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымжан Молданазар: Қарны шыққан, беті табақтай дәстүрлі әншілерді ешкім тыңдамайды

Жарияланған күні:

Ән айту стилімен ерекшеленіп жүретін Ғалымжан Молданазар «The эфир» бағдарламасында дәстүрлі әншілерді сынап тастады. Әнші салақ әрі жалқау әншілерді ешкім тыңдамайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғалымжан Молданазар. Фото: NUR.KZ
Ғалымжан Молданазар. Фото: NUR.KZ: UGC

Фонограмманы қолданбайтын Ғалымжан Молданазар халықты алдай қолынан келмейтінін жеткізді.

«Шоу-бизнесте ұнамайтын тұстары бар. Сондықтан продюсер ұстамаймын. Тыңдармандарды алдағанды жек көремін. Сахнаға шыққан әнші өз дауысымен ән орындауы керек. Алайда, біздің халық та, әншіге талап қоймайды. Сондықтан да әншілер өздерімен жұмыс жасамайды, дамымайды. Егер ел фонограммасыз ән керек деп талап қойса, онда олар да ойланар еді», - дейді Ғалымжан Молданазар.

Сондай-ақ әнші қазіргі эстрада сахнасындағы кемшіліктерді айтып берді. Халық «ақша төледік, таза дауыспен ән айт» әншілерден сұрамағандықтан, олар да өз орнында қалып қойған.

«Қазір дәстүрлі әншілер эстрада әншілеріне, басқаларға көп ренжиді. Олардың пікірінше, дәстүрлі әндер ұмытылып бара жатыр. Бірақ, бұл эстрада әншілерінің кінәсі емес. Өздерінің кінәсі. Себебі, олар өздеріне салақ қарайды. Қарындары шығып кеткен, беттері табақтай. Ал олар баяғы киіммен киініп алып, бір орында тұрып ән айтады.
Әр өнер, пиарды талап етеді. Дәстүрлі әншілер ақша құртқысы келмейді. Сөйте тұра өзгелерді кінәлайды. Қазір техника дамыған, адамды қызықтыратындай түрлі дүниелер түсіруге болады. Сол арқылы тыңдарманның жүрегіне жол табу керек. Сонда ғана жастар болсын, басқалар болсын, сіздің дәстүрлі әніңізді тыңдайды», - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718873-galymzan-moldanazar-karny-sykkan-beti-tabaktaj-dstrli-nsilerdi-eskim-tydamajdy/