RU

Ләйлә Сұлтанқызы анасының күйеу баласына «cіз» деп сөйлейтінін жасырмады

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің шаңырағындағы құпияларымен бөлісті. Ол бұл жайында Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram: UGC

Ол өзінің тележүргізушіліктен бөлек ана екенін, жұбайының айтқанына бағынатын жар екенін айтып берді.

«Мен сырттан келер жаудан қорықпаймын. Сыртыңнан айтылып жатқан әңгімеден де қорықпаймын. Әңгіме деуге болмас, артық сөздерден дұрысы.

Мен сынайтын да, сынай алатын да, сынауыма болатын да жәйттар көп. Күшім, қауқарым, білімім, амбициям бәрі жетеді. Кейбір іс-әрекеттерге қарап күлемін, "ну зачееем ?" деп.

Жан-жағымда, өз саламда болсын, өзге салада болсын, шығармашылық немесе бейтаныс ортада болсын түкке тұрғысыз уақытша дүниеге таласып, бірін-бірі жеп бара жатқан адамдар.

«Кімнің-кімге не дәлелдегісі келетінін ұқпаймын. Соңғы жылдары әділетсіздікті, кейбір адамдардың қисық тірлігін, көреалмаушылықпен жасалған іс-әрекеттерін, сасық әңгімелерін естіп, көргеннен кейін көп адамдарға сенуден қалдым.

Менің достарым, араласатын ортам көп емес. Бірақ олардың мен күндіз-түні тілеуін тілеймін, көмегімді аямаймын, адал дос бола аламын», - деді Сұлтанқызы.

Сондай-ақ, ол «Мен анамын. Өзінен кейін келсем үйге кіргізбей қоюға қақысы бар мықты азаматтың жарымын. Еркелей алмайтын қарындаспын, әпкемін. Күйеубаласына «сіз» деп сөйлейтін ананың қызымын», - деді өз парақшасында.

Айта кетейік, тележүргізуші еліміздегі әйелдер арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып, қыз-келіншектердің өздеріне деген сенімділігін арттыруға көмектеспек болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719074-ljl-sltankyzy-anasyny-kjeu-balasyna-ciz-dep-sjlejtinin-zasyrmady/