Аша Матай өзі жүргізетін "Қалаулымның" жабылмайтынын кесіп айтты
Жарияланған күні:
Елдің қызу талқысына түсіп, тіпті "Нұр Отан" партиясының қоғамдық жиынында әңгімеге арқау болған атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жабылатыны туралы ақпарат тарады. Алайда Аша Матай бұл ақпаратты жоққа шығарып, тікелей эфирде бағдарламаның "тағдыры" туралы кесіп айтты деп хабарлайды Today.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ел талқысына түскен бағдарлама жүргізушісі Аша Матай кешегі эфирде "Қалаулымның" әзірге жабылмайтыны туралы айтты.
"Бұл бағдарлама халық үшін, көрермен үшін жасалады. "Қалаулымды" көретін көрермен барда "Қалаулым" жалғаса бермек, - деді Аша Матай.
Еске салсақ, бір күн бұрын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram парақшасында "Қалаулымның" жабылатыны туралы хабарлаған болатын.
Ол "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесінің жиыны өтіп, ондабағдарламаның жабылуы туралы ұсыныс жасалған.
"Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екенін ескере отырып, ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін "Қалаулым" бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Аяқталу нысаны – "Мирас" РК ұсыныс. Орындалу мерзімі 25 сәуірге дейін 2018 жыл", - деп жазылған құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719636-asa-mataj-zi-zrgizetin-kalaulymny-zabylmajtynyn-kesip-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.