"Қош келдің, ұлым": Динара Сұлтан бесінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкеліп, бесінші баланың анасы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сүйінші жаңалықпен әнші өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
Жаңа туған сәбиінің қолынан ұстап, суретке түскен Динара: "Қош келдің Ұлым менің! Жылы тілектеріңізге рахмет достарым", - деп️ жазды.
Сондай-ақ, сахна жұлдызы дүние есігін ашқан ұлының салмағы 3600 келі, бойы - 54 сантиметр екенін де көрсеткен.
Қуанышты жаңалықты естіп-білген тыңдармандары мен әншінің жанкүйерлері ақ тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720129-kos-keldi-lym-dinara-sltan-besinsi-sbiin-dniege-keldi-foto/