Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Кәрімовті тастап кеткен ғашығы әншінің өтірігін жайып салды

Опубликовано:

Жуырда ғана сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтқан Әлішер Кәрімов тағы да ел назарына түсті. Елге қалыңдығы ретінде таныстырған отандық актриса ешқашан әншімен жақын қарым-қатынаста болмағанын айтты. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында белгілі болды.

Танымал әншінің сүйіктісі оның өтірігі туралы ашық айтты
Танымал әншінің сүйіктісі оның өтірігі туралы ашық айтты: UGC

Әлішер Кәрімовтің сүйіктісіне үйленбейтін болды деген мәлімдемесінен кейін Диора Романова есімді отандық актриса өзінің Instagram желісінде айрықша жазба қалдырды.

"Ешқашан Әлішерге тұрмысқа шықпағанмын. Арамызда ешқандай қарым-қатынас та болмады. Бұл жай ғана БАҚ өкілдеріне арналған PR-жоба болатын", - деп жазған бойжеткен.

Диора Әлішермен айырылысқаны туралы ақпаратқа қатты ренжіп қалған сыңайлы.

"Жоқ, ондай нәрсе болған жоқ. Қазір жақсы араласамыз. Тіпті кей кезде бірлескен түсірілімдерге де барамыз", - деді ол.

"Енді менің әйелдерге тән көңілшектігім шығар. Бірақ бұл құпия", - деп қысқа қайырды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720392-liser-krimovti-tastap-ketken-gasygy-nsini-tirigin-zajyp-saldy/

pixel