Динара Сәтжанның жас қыздардан асып түсетін сұлу анасы елді тәнті етті (фото)
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші және сән әлемінің белді өкіліне айналған атышулы Динара Сәтжан бүгінде өзінің анасын да елге көп көрсетіп жүр. Сәнді әрі қымбат киім киіп, айрықша стилімен ерекшеленетін Динараның анасы бүгінде ел аузына іліккен. Жасы алпысқа тақаса да, стилі жөнінен жастардың өзін шаң қаптыратын әйел кім?
Comode.kz порталына сұқбат берген ана өзі туралы аз-кем ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақмарал Ералықызы мен Динара Сәтжанның сөйлеу мәнері, күлкісі, кей әдет-қылықтарын ел қатты ұқсатып жатады. Бүгінде 55-ке келсе де, өміріне жаңалық енгізіп, фэнш-индустрияның пұшпағын илеп жүрген ол көп саяхаттап, немерелерімен қыдырғанды ұнатады.
Ақмаралды айналасындағы әріптестері мен достары еркелетіп "Ақмарал маматай" деп атайды. Сән көрсетілімдері мен шетелдік іссапарларда ол қызынан екі елі қалмай, бірге жүреді.
Оның айтуынша, ол күйеуімен бір көшеде тұрған. Кейіннен көңіл жарастырып, отбасын құрған.
Күйеуі прокуратурада істеген ол оқу бітірген соң өз мамандығы бойынша жұмыс істемей, балалардың тәрбиесіне көңіл бөліп, үйінде отырған.
Кейіннен қызының сұрауы бойынша сәнгер Наиль Байкучуковтың Алматыдағы дүкенін ашқанын айтады ана.
Бүгінде Ақмарал Ералықызының Instagram желісіндегі парақшасы көздің жауын алады.
Сән қуу жөнінен, өзіне-өзі күтім жасау бойынша жас қыздардан да кем түспейтін әйел тұлға ретінде болмысын дамыта алғаны үшін қуанады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721085-dinara-stzanny-zas-kyzdardan-asyp-tsetin-slu-anasy-eldi-tnti-etti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.