Танымал шымкенттік ақын өзінен 12 жас кіші жігіттің тоқалы екенін мойындады (фото)
Жарияланған күні:
Көптеген хит әндердің сөзін жазған ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы өзінің жеке өміріндегі құпияларымен бөлісті. Бұл туралы «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Танымал ақын екі қызынан соң маңдайы торсықтай ұлды тоқал болып дүниеге алып келген. Баласының әкесі ақынның өзінен он екі жас кіші. Күйеуі оған тоқал болу туралы ұсынысты тікесінен жеткізіпті.
«Екі қызыңыз бар екен. Үйіңіз, көлігіңіз бар. Сізге енді ұл керек қой» деген ұсынысынан ақын өз анасы қанша қарсы болса да, бас тарта алмаған. Сондай-ақ, күйеуінің бұл әрекетін ол ақылдылыққа балады.
Бағдарлама барысында күйеуін «баламның әкесі» деп атап отырған ол көпшілікке жолдасын «менің күйеуім» деп атамауының себебін де түсіндірді.
«Өйткені оның басқа әйелдері бар, басқа әйелдері қызғанып қалмасын деп «менің күйеуім» деп егеленбеймін. Біз үшеуміз. Мен екіншісімін, бәйбішесінде төрт ұл, менде бір ұл. Тағы бір келіншек бар, оның ұлты өзбек, екі қызы бар» деген ақын күйеуін өзге әйелдерінен қызғанбайтаныны да ашып айтты.
«Менің кеңдігім шығар халықтың қызы болып жүргенім. Шынымды айтсам, мен қазір перзент әкеле алмаймын денсуалығыма байланысты. Ал енді баламның бауыры көбейсе, несі бар екен? Мен ұлыма қараған кезде қызғанбақ түгілі ол мүмкін тіпті адам түсінбейтін күнәлар жасаса да дайынмын. Сондықтан Аллахтың қалауымен себепші болып сондай ұлды дүниеге әкелткен жігітті мен қалай қызғанып, қаралаймын? Не болмаса қаттырақ артық сөз айтуға құқым жоқ менің» деп сұхбатты жалғастырады Құрманай Бақтиярқызы.
Сөз арасында танымал ақын егер өз ұлы бірнеше әйел аламын десе, қарсылық танытпайтыны, маңдайына жазғаны сол қабылдайтынын да жасырмады. Айтпақшы, бүгінде ақын артық салмақ тастауға қанша тырысқанымен, нәтижеге жете алмай жүр екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721197-tanymal-symkenttik-akyn-zinen-12-zas-kisi-zigitti-tokaly-ekenin-mojyndady-foto/