Анасын қызғанған Динара Сұлтанның екі жасар ұлы жұрттың жүрегін елжіретті
Жарияланған күні:
Әнші Динара Сұлтан жақында ғана бесінші баласын дүниеге әкелген болатын. Алайда ол босанудан кейін депрессияға тап болғанын айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші Instagram парақшасында өзінің отбасылық құпиясымен бөлісті. Динара Сұлтанның ең кішкентай 2 жасар ұлы жаңа туған сәбиге үйрене қоймапты. Ол анасын өз бауырымен бөлісуге дайын емес екен.
«Өмірге сәби келгенде, өзінің несібесімен келеді. Әр баланың орны бөлек. Мен қыздарымнан жаңа сәби дүниеге келгенде, онша қызғанышты байқамаппын. Ал ұлым, үлкен ұлым (екі жаста) бірнеше күннен бері маған жақындамай жүр. Мен де жынына тимейін деп, бөпені көп шығармай, көрсетпей жүрмін.
Түнде үлкен ұлымыз әкесімен ұйықтап жүр. Кеше жатарда қасына барып маңдайынан сипап, бір иіскеп кетейін дегем. Мені өзінің кіп-кішкентай қолдарымен қатты құшақтап, кетпеші, жатшы дегендей болды. Сол жерде менің жүрегім елжіреп, ауырып, көзіме жас келді. Мені жібермей ұзақ қысып алды.
Кішкентай еркек! Мені ешкіммен бөліскісі келмейді. Әрине,бұл уақытша стресс қой, баламдыкі. Дегенмен, жүрегімді ауыртты», - деген әнші көзіне жас алғанын да айтты.
«Қазірдің өзінде осы постты жазып отырып, көзім мөлтілдеп жылағым келіп отыр. Негізі ішкі уайымымды ешқашан көрсетіп, айтқым келмейді. Таңғы шәй ішіп отырып, аналық көңілім босап отыр. Артық кетсем кешіріңіздер. Менікі де сол «послеродовая депрессия» дей ма, сол шығар?! Сіздерде де болды ма, қыздар? Қалай болды?», - деп Динара Сұлтан оқырмандарынан кеңес сұрады.
Ал желі қолданушылары болса бұл уақытша нәрсе екенін айтты.
Олар әншіні «Кейін бәрін ұмытып, тете өседі», «Бұл уақытша құбылыс қой», «Балаң кішкентай, әлі-ақ үлкен жігіт болады» деп жұбатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721261-anasyn-kyzgangan-dinara-sltanny-eki-zasar-ly-zrtty-zregin-elziretti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.