Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды жалғыз баласын ұрып тәрбиелейтінін айтты

Опубликовано:

Елімізге белгілі әртіс Азамат Сатыбалды қазіргі жігіттердің нәзік жанды, жүрегі нәзік болып кеткенін айтты деп хабарлайды «Үлкендердің әңгімесі» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды жалғыз баласын ұрып тәрбиелейтінін айтты. Фото: stan.kz
Азамат Сатыбалды жалғыз баласын ұрып тәрбиелейтінін айтты. Фото: stan.kz: UGC

Актердің айтуынша, отбасыда бала аз болған сайын, олар «тоңмойын, жалқау» болады.

«Қазір жігіттеріміздің білегіндегі күші азайып, жүрегінің жұмсарған уақыты. Қарап тұрсаңыз, әр үйде бір-екі бала ғана бар. Сондықтан ата-ана ол бала үшін бәрін жасайды. Олар ұрған адаммен соттасып, түрткен адаммен ұрысады. Осылай баламызды тоңмойынға, жалқауға айналдырғанымызды білмей қаламыз», - деді.

Актер «балаға бірнәрсені түсіндіру аз, оған өнеге бола білу керек» екенін айтты.

«Менің өзім тоғыз баланың кенжесімін. Әке-шешемнің маған қарайтын уақыты да жоқ болатын. Мені бауырларым өсірді. Сондықтан біз өз-өзімізге сеніп өстік. Ал баланы еркелете берсең, есіре береді. Әр нәрсені өз шамасында жасау керек. Айтады ғой, «қатты жақсы көргеннен өлтіріп алуға да болады» деп. Сосын баланы сырттан бақылау керек. Кіммен дос? Не істеп жүр? Қылығы қандай? деген сұрақтардың жауабын іздеу ата-ананың міндеті», - деген Азамат Сатыбалды өз баласын осылай тәрбиелейтінін айтып берді.

Сондай-ақ актер баланы ұрып тәрбиелеудің сөкеттігі жоғын айтты.

«Ислам дінінде де «Әке мен ананың» шапалағында мейірім бар деп айтылған. Баланы 20 жасқа келгенде ұрсаңыз, ол барып асылып қалуы мүмкін. Бізді де ұрып тәрбиеледі. Одан жаман болмадық. Өзімді алғаш рет ұстаз ұрғанда үйге айтып барғанмын. Сол сәтте әкем менің өзімді өлтіріп сабады. Мен де жалғыз ұлымды қатты ұстауға тырысамын. Өзіне де "Кейін маған рахметіңді айтасың" деп айтып отырамын», - деген актер ағынан жарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721960-azamat-satybaldy-zalgyz-balasyn-ryp-trbielejtinin-ajtty/

pixel