Аша Матай танымал жұлдыз дәрежесіне қалай жеткенін ашық айтты
Жарияланған күні:
Аша Матайдың танымалдылығы күн санап артса да, өнер иесіне сын айтатындардың санында шек жоқ екен. Бикешті жұрт «Баян Алагөзованың арқасында танылды» - деп тұжырым жасайтын көрінеді. NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Аша көпшіліктің кереғар пікіріне жауап берді.
«Аша Матай тек Баян Мақсатқызының арқасында ғана Аша болып жүр дегендей сындар көп айтылады. Негізінде сын осы күнге дейін де көп айтылды. Күні бүгінге дейін естіп тұрамын. Мен оған ренжімейтін болдым. Себебі ол өмір бойы болатын үйреншікті дүниелер сияқы менің ойымша. Дегенменен қазір барлығының көзі жеткен болар. Себебі ол менің өзімнің еңбегім және менің ата-анамның таза еңбегі», - дейді Аша.
Алғашқыда Аша шоу-бизнеске қадам басқан сәтте Баянның көмегіне жүгінбепті. Кезінде талай мәрте сын садағына іліккен сәттері де жиі болған. Бірақ әншіге қиын кезде қолдау көрсеткен Алагөзова емес, әкесі Марат Асқарбеков болып шықты.
«Негізі мені көтерген әкем. Расымен ол шындық. Бірінші сатыда ол қаржылай. Екінші сатыда ол күні бүгінге дейін моралдық тұрғыда, өзінің кеңестерімен, өзінің ақылдылығымен және үнемі қолдау көрсеткеніменен маған көмектесті. Әкем мені әрдайым итермелеп тұратын.
«Сенің қолыңнан барлығы келеді, мойыма» - деп қолдап отырады. Біз халықтың алдында жүргеннен соң сынға ұшырап жататын кездеріміз де болады. Сондай кездерде «Ойбай, керек емес еді. Не үшін бұл дүниені бұлай жасадым, керек емес шығар» - деген кезде, әкем жақсы сөздерді тауып орныменен, сөйтіп мені үміттендіріп жіберетін. Сол кезде аяғымнан тік тұрып, алға қарай жүре беретінмін», - дейді тележүргізуші.
Бүгінде Аша қазақ өнерпаздарының ішінде ең танымал жұлдыздардың көшін бастап тұр. Матайдың Баян арқылы бағы жанбаса да, экс-Есентаеваның жиеніне жәрдем көрсетіп, дер кезінде демеу боларына сенеді.
«Әрине, қашанда қол ұшын беруге Баян да, Бағым ханым да дайын. Дегенмен сондай бір көмек сұрап, тақалған кездер болған жоқ. Өз теріммен, өзімнің еңбегіммен, өзімнің сүрінген-құлағыныммен жетемін деп ойладым және солай болды да. Бірақ мен сондай жақындарымның барына қуанамын. Шыныменен мен Баян мен Бағымнан қол ұшын сұрасам, ол кісілер ешқашан да маған «жоқ» демейді», - дейді Матай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722198-asa-mataj-tanymal-zldyz-drezesine-kalaj-zetkenin-asyk-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.