Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың төрт баласы отбасылық концертке қызу дайындалып жатыр (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас Астана мен Алматы қалаларында отбасылық концертін өткізетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта әншінің төрт баласы аталмыш кешке қызу дайындық үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың төрт баласы отбасылық концертке қызу дайындалып жатыр. Фото: Instagram
Қайрат Нұртастың төрт баласы отбасылық концертке қызу дайындалып жатыр. Фото: Instagram: UGC

Әншінің отбасылық кешінде ата-анасы мен бауырлары, төрт баласы өнер көрсететінін айтқан болатынбыз.

Бүгін Қайрат Нұртастың анасы немерелерінің дайындық сәтін көпшілікпен бөлісті.

«Негізі, ең үлкен немереміз Сезім атасының қызы. Бірақ есімін «Сезім» деп өзім қойып едім. Бала атына қарап өседі дегендей, өте сезімтал, нәзік болып өсіп келеді. Ал екінші немереміз Алау. Менің жекеменшік қызым. Оған ешкімнің таласы болған емес. Туыла салысымен бауырыма басып, жұрттың жанарын қарып кететіндей, көзінен нұр шашып, жалындап тұрған қыз болып өссін деп, есімін «Алау» қойдым. Қыз бала арманым болып, не туған сіңілім не қызым болмағандықтан, есімдерін өзім қойғанымда да «қыз бала арманы еді ғой» деп, ешбірі қарсы келмеді", - деген Гүлзира Айдарбекова екінші немересі жайлы айтып берді.

Бәрінің таң қалатыны, осы қызымның бойындағы мінезін, қимылын, әрбір қылығына дейін, бәрі аумаған Гүлзира апасы дейтіндері рас. Өзімде, көбіне қылығына қарап, өзімнің титтей кезімдегі қылығымды айнадан көргендей сезімде боламын. Мінекей, сол Алау қызымның ертеңгі концертімізге дайындығы. Әкесінің концертіне үлес қосу үшін, шын ниеттерімен талпынып жатыр. Құлынымның құлындары сол. Алла, балапандарыма ұзақ әрі мәнді өмір берсін! Байқап қарасаңыздар, жасыл шалбардағы, менің Алауым», - деді Айдарбекова.

Айта кетейік, оқырмандар болса алдағы кешке сәттілік тіледі. «Қадамына нұр жаусын», «Өнері өрге жүзсін» деп жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1722273-kajrat-nrtasty-trt-balasy-otbasylyk-koncertke-kyzu-dajyndalyp-zatyr-video/

pixel